Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (1) Өлеңдер (1) Ұлағатты сөздер (7)

"құлдық" туралы Ұлағатты сөздер

"құлдық" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "құлдық" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Біреуден асып түсу, билік, басқаларды құлдықта ұстау — көп адамның бар күш-жігерін жұмсап ұмтылатын мақсаты осылар.

Ілмектер: асып түсу, құлдық, күш, жігер, мақсат Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Көз байлау мен сəуегейлік — құлдық сана көріністері ғана.

Ілмектер: көз байлау, сəуегейлік, құлдық, сана, көрініс Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Кіріптарлықтың астарында көп еркіндік жатуы мүмкін, тəуелсіздік дегеніміз — шын мəніндегі құлдық болып шығуы да мүмкін.

Ілмектер: Кіріптарлық, құлдық, еркіндік, тәуелсіздік Роберт Вальзер
WhatsApp Telegram

Құлқын қозғамаса жата бермексің, құлқын қозғаса жарғақ құлақ жастыққа тимейді. Бұл құлдықтан босанғанда ғана адам адамшылық сатысына көтеріледі.

Ілмектер: құлдық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Ақиқатты түсінген сәттен бастап біз осы өмірдің түрмесінен, құлдығынан арыламыз және өз өмірімізді өз еркімізге қайтарып, бақытты болуға лайықты өмір сүре аламыз.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, ақиқат, түсінбеушілік, Өмір, түрме, құлдық, бақыт Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ер құлдықтан, әйел күңдіктен шықпайды, малына да, басына да ие болмайды!

Ілмектер: Әлихан Бөкейхан, Қыр баласы, бостандық, құлдық, күңдік Әлихан Бөкейханов
WhatsApp Telegram

Қорқақтық, ездік, аяншақтық, көнбістік — құлдықтың ең жаман түрі.

Ілмектер: құлдық, қорқақтық, ездік, қорқақ Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram