Нұрсұлтан Назарбаев: тәуелсіздік туралы айтқаны

Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе, жастар, салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашан да достыққа адал болса, бауырмал, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік.

Ілмектер: тәуелсіздік, жастар, ел, дәулет, достық Нұрсұлтан Назарбаев
WhatsApp Telegram

Қатысты бөлімдер:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз



Ұқсас ұлағатты сөздер

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл бетте қандай ұлағатты сөздер бар?

тәуелсіздік туралы ұлағатты сөздер берілген.

тәуелсіздік туралы ұлағатты сөздер тағы бар ма?

тәуелсіздік туралы басқа да ұлағатты сөздер бар.

Басқа пайдалы бөлімдер: