Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"құндылық" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "құндылық" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Әр адамның ішінде ешкім тартып ала алмайтын соңғы байлық бар: кез келген жағдайда өзінің көзқарасын таңдау еркіндігі.
Ілмектер: Виктор Франкл, көзқарас, таңдау еркіндігі, еркіндік, құндылық, өмірлік ұстаным, ұстаным, ішкі еркіндік Виктор Франкл
Оригинал (неміс тілінде):
„Jeder Mensch trägt in sich ein letztes, unantastbares inneres Gut: die Freiheit, seine Einstellung in jeder gegebenen Situation zu wählen.“
Бұл Франклдың негізгі идеясын көрсетеді: сыртқы жағдайлар қандай ауыр болса да, адам ішкі еркіндігін сақтап, өз көзқарасын таңдай алады. Ол бұл идеяны концлагерьде аман қалған тәжірибесіне сүйене отырып, "Адамның мағына іздеуі" (Man's Search for Meaning) кітабында кеңінен таратқан.
Өз тұлғаңа да, басқаның тұлғасына да қатысты адамзатқа әрқашан мақсат ретінде қара, оған ешқашан құрал ретінде қарама.
Ілмектер: адам құқығы, ар-ождан, этика, Адамгершілік, тұлға, мақсат, құрал, этика, Кант, императив, құндылық, қадір-қасиет, борыш Иммануил Кант
Мағыналық (философиялық) аудармасы:
«Өзіңе де, өзгеге де адам ретінде, тек мақсат деп қара; ешқашан адамды өз мүддеңе жетудің құралы ретінде пайдаланба».
Қысқаша нұсқасы:
«Адамға құрал деп емес, мақсат деп қара».
Act in such a way that you treat humanity, whether in your own person or in that of another, always as an end and never merely as a means.
Дереккөзі:
Иммануил Кант, «Мораль метафизикасының негіздемесі»
(Grundlegung zur Metaphysik der Sitten, 1785)
Байлық — көп адам үшін жалғыз ғана құндылық, бірақ өмірдегі шынайы құндылық – байлықта емес адамдардың жан-дүниесінде, адамдар арасындағы адалдықта, қамқорлықта және қиындық бен сынақ кезінде бір-біріне жәрдемдесуінде, жанашырлық танытуында.
Ілмектер: байлық, адам, жалғыздық, өмір, құндылық, шынайы, адалдық, қиындық, сынақ, жәрдем, жан, дүние, қамқорлық, жанашырлық Нарша Булгакбаев
Жеке-жеке алғанда толық құндылыққа жатпайтындықтан əрі əлсіздігінен де адам баласы қауымдасып тіршілік етуге ұмтылады.
Ілмектер: құндылық, әлсіздік, тіршілік Альфред Адлер
Балалардың сөйлеуі ғылыми құндылыққа ие болуы мен қатар өзінің әдеміліктерімен ерекшеленеді, өйткені оны зерттей отырып, біз балалар ойлауының таңғажайып заңдылықтарын ашамыз.
Ілмектер: бала, тіл, ғылым, құндылық, бала тілі, ойлау, заңдылық, зерттеу Корней Чуковский
Асқақ сөздер теріс көзқарасқа оң мағына береді: сөйтіп нағыз бос қуыс жарқылдық құндылықтар сыртында көлегейленіп қалады.
Ілмектер: сөз, көзқарас, құндылық Жорж Батай
Өмір өзенінде еркін жүзгіңіз келсе сіз сұр, өкінішті өмірге балама бар екені туралы білу керексіз. Егер сіз өз жүрегіңізді жаңа идеяларға, құндылықтар мен сенімдерге ашуға дайын болсаңыз, онда сіз ойлау процесін қалай қайта құруға жəне тұрақты идеалды «Мен» -ді қалай қалыптастыруға болатындығын білетін боласыз. Сіз кім болсаңыз да, не істесеңіз де, қандай жағдайда болсаңыз да, сіз өзіңізге толықтай сенімді, бақытты бола аласыз. Мұны үйрену сіз ойлағаннан да əлдеқайда оңай! Тек өзіңізбен де, өзгемен де шынайы болуға әрқашан дайын болыңыз, жалған маскамен өмір сүрмеңіз.
Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Өмір, Өзен, еркіндік, жүзу, Сұр, өкініш, балама, туралы, білім, жүрек, жаңа, идея, құндылық, сенім, идеализм, тұрақты, мен, жағдай, сенімділік, бақыт, үйрену, оңай, шынайылық, жалған дүние, маска Нарша Булгакбаев
Арсыз адам — бәрiнiң бағасын бiлсе де, нағыз құндылық туралы түсiнiгi болмайтын адам.
Ілмектер: Арсыз, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, құндылық Оскар Уайльд
Егер бiреу өмiрдiң мағынасы немесе құндылығы туралы сұраса — ол ауру (принцесса Бонопартқа жазған хатынан).
Ілмектер: өмір, мағына, құндылық, ауру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Зигмунд Фрейд
Егер адам өмірдің мәніне немесе оның құндылығына қызығушылық білдіре бастаса, онда оның ауру болғаны.
Ілмектер: Өмір туралы, ауру, құндылық, қызығушылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Зигмунд Фрейд
Әр адамның бағасы оның ой-ниетiнiң құндылығымен анықталады.
Ілмектер: адам, баға, ой, ниет, құндылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Аврелий
Нарықтық экономикада барлық нәрсенің құны бар, бірақ ешқайсысының құндылығы жоқ.
Ілмектер: құн, құндылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, экономика Жак-Ив Кусто
Тәрбиелеу дегеніміз – адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту.
Ілмектер: тәрбие, білім, қуат, құндылық, нақыл, афоризм Әл – Фараби
Құндылықтарыңның не екенін білгенде шешім жасау қиын емес.
Ілмектер: құндылық, шешім Рой Дисней
Барлығын ақшамен байланыстырудың қажеті жоқ. Одан да асқан құндылықтар бар екенін ұмытпайық.
Ілмектер: ақша, құндылық Сергей Капица
Бiз Тәуелсiздiктi ұлтты сақтау мен өркендетудiң түп негiзi ретiнде, аса ұлы құндылық ретiнде қарастырамыз. Ол мемлекеттiлiктi қалпына келтiрудiң, дербес дамуға деген қабiлеттi дәлелдеудiң және өткен кезеңдерде қордаланған проблемаларды еңсерудiң тарихи мүмкiндiгiн бердi.
Ілмектер: тәуелсіздік, құндылық, мемлекет, тарих Нұрсұлтан Назарбаев
Бiздiң халқымыз үшiн тұрақтылық, келiсiм, теңқұқылық басты құндылықтар екенiн әрдайым ұстау керек.
Ілмектер: халық, құндылық Нұрсұлтан Назарбаев
- Нарша Булгакбаев
- Марғұлан Сейсембай
- Әлкей Марғұлан
- Әлкей Марғұлан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі