Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (2) Өлеңдер (2) Жоспарлар (1) Ұлағатты сөздер (12)

"әлсіздік" туралы Ұлағатты сөздер

"әлсіздік" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "әлсіздік" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Өз-өзіңді жеңу — жеңістердің ең біріншісі әрі ең жақсысы, ал өз-өзіңнен жеңілу — жеңілістердің ішіндегі ең ұяттысы және ең жаманы.

Оригинал (ежелгі грекше):
...τὸ νικᾶν αὐτὸν αὑτὸν πασῶν νικῶν πρώτη τε καὶ ἀρίστη, τὸ δὲ ἡττᾶσθαι αὐτὸν ὑφ’ ἑαυτοῦ πάντων αἴσχιστόν τε ἅμα καὶ κάκιστον.

Алынған жері:
«Заңдар» (Nomoi / Laws), I кітап, 626e–627a

Ілмектер: өзін-өзі жеңу, ішкі тәртіп, ерік-жігер, мораль, рухани күш, Платон, жеңіс, жеңіліс, күрес, нәпсі, әлсіздік, тәртіпсіздік, өзіндік тәртіп Платон
WhatsApp Telegram

Біреулер басқалардың пікірінің салмағын асыра бағалауға үйір келеді, ал енді біреулер болса — тек өз пікірлері ғана дұрыс деп қасарысып тұрып алғыш. Адамдардың бұл екі тобы да өздерінің əлсіздігін іштей сезетін болуы керек.

Ілмектер: сезім, әлсіздік, пікір Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Үнемі кіші əрі əлсіз бола беру ешбір балаға ұнамайды.

Ілмектер: бала, әлсіздік, кіші Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Жеке-жеке алғанда толық құндылыққа жатпайтындықтан əрі əлсіздігінен де адам баласы қауымдасып тіршілік етуге ұмтылады.

Ілмектер: құндылық, әлсіздік, тіршілік Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Қоғам — жеке адамдардың орнын күш қана толтыратын əлсіздікке негізделген.

Ілмектер: қоғам, адам, әлсіздік Жорж Батай
WhatsApp Telegram

Заттың əлсіздігі мен ажалы емес, соларға көзсіз елту — қасірет.

Ілмектер: зат, әлсіздік, ажал, қасірет Жан Бодрийяр
WhatsApp Telegram

Қостай берушілік — әлсіздік.

Ілмектер: әлсіздік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Тиісінше еңбек ету денеге күш береді, ал шектен тыс артық, немесе жеткіліксіз еңбек күшті қайтарады, немесе әлсізді әлсіз халінде қалдырады.

Ілмектер: еңбек, күш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, әлсіздік Әл – Фараби
WhatsApp Telegram

Зорлық шын мәнiнде iшкi әлсiздiк сезiмнiң белгiсi.

Ілмектер: зорлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, әлсіздік, сезім, белгі Махатма Ганди
WhatsApp Telegram

Күншілдік — өзгенің мықтылығы мен өзіңнің әлсіздігіңді түсінуден туған құбылыс.

Ілмектер: күншілдік, мықтылық, әлсіздік Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Қорқақтық пен әлсіздіктен туындайтын өтіріктерден қатты ұялам.

Ілмектер: қорқақтық, әлсіздік, өтірік, ұят Александр Куприн
WhatsApp Telegram

Әлсіздігін мойындай білген адам - мықты.

Ілмектер: әлсіздік, мықты адам, әлсіздікті мойындау, адам туралы нақыл сөздер Оноре де Бальзак
WhatsApp Telegram