Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (2) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (1) Ұлағатты сөздер (10)

Күншілдік — Ұлағатты сөздер жинағы

Бұл бөлімде "күншілдік" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Бақастық күншілдікті зорайтып, адамшылықты азайтады.

Ілмектер: күншілдік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Ер қасиеті — шыншылдығы,
Ез қасиеті — күншілдігі.

Ілмектер: ер, ез, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, шыншылдық, күншілдік Сайын Назарбекұлы
WhatsApp Telegram

Күншіл өзінің кескін келбеті жағынан әрқашан да өзі күндеп жүрген адамнан төмен тұрады.

Ілмектер: күншіл, күншілдік, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Басқалардың тасының өрге домалауы, күш-қуатының, қайратының артықтығы, сондай-ақ, материалдық игілігі күншілдік сезімін тудырады.

Ілмектер: сезім, күншілдік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, күш-қуат Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Күншілдік — барлық кемтарлықтың ішіндегі ең жиіркеніштісі.

Ілмектер: күншілдік Клод Гельвеций
WhatsApp Telegram

Азап шеккің келмесе, күншіл болма.

Ілмектер: азап, күншілдік Кей-Кавус
WhatsApp Telegram

Жарғанат жарықты сүймейді, күншіл ғылымды сүймейді.

Ілмектер: ғылым, күншілдік Саиф Сараи
WhatsApp Telegram

Күншілдік — өзгенің мықтылығы мен өзіңнің әлсіздігіңді түсінуден туған құбылыс.

Ілмектер: күншілдік, мықтылық, әлсіздік Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Күншілдік адамдар арасындағы ұрыс-керіске бастама болады.

Ілмектер: күншілдік, ұрыс, керіс Демокрит
WhatsApp Telegram

Өзіне-өзі ғашық болушылық – бұл адамның үлкен соры. Бұл, ең алдымен, өзімшілдікті, күншілдікті туғызады.

Ілмектер: ғашық, сор, өзімшілдік, күншілдік Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram