Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Өлеңдер (54) Мақал-мәтелдер (3) Ұлағатты сөздер (19)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"ғашық" туралы Ұлағатты сөздер

"ғашық" туралы ұлағатты сөздер жинағы.

Ғашықтың тілі - тілсіз тіл, көзбен көр де ішпен біл.

Ілмектер: махаббат, ғашық Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Өзіне өзі ғашық болу - адамның үлкен соры, бұл ең алдымен өзімшілдікті, күншілдікті туғызады.

Ілмектер: ғашық, өзімшілдік Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram

Ғашық патша да, ғашық пақыр да жауласа алмас.

Ілмектер: ғашық Қожа Ахмет Йассауи
WhatsApp Telegram

Көзі жанып тұрмағанның ғашық болдым дегені бекер.

Ілмектер: ғашық Қожа Ахмет Йассауи
WhatsApp Telegram

Шын ғашық жамандыққа бармайды.

Ілмектер: ғашық, жамандық Ілияс Есенберлин
WhatsApp Telegram

Адам мың рет ғашық болуы мүмкін, бірақ бір рет қана сүйеді.

Ілмектер: ғашық, ғашықтық, сүю Александр Куприн
WhatsApp Telegram

Өзіне-өзі ғашық болушылық – бұл адамның үлкен соры. Бұл, ең алдымен, өзімшілдікті, күншілдікті туғызады.

Ілмектер: ғашық, сор, өзімшілдік, күншілдік Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram

Әрі аяз, әрі ашық күн: адам жаны ғашық күн!

Ілмектер: аяз, ғашық, күн Александр Пушкин
WhatsApp Telegram

Ғашық адам белгі берер түстен де —
Ол білінер көзі көзге түскенде.

Ілмектер: ғашық, Көз, адам Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Ғашықтың жолы ауыр жол, Билетпей бейіл соқпа қол.

Ілмектер: ғашық Әлішер Науаи
WhatsApp Telegram

Тақуа болма, тентек болма - ғашық бол.

Ілмектер: ғашық, тақуа, тентек Қожа Ахмет Йассауи
WhatsApp Telegram

Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып келеді.

Ілмектер: ән, күй, құмар, бала, өмір, ғашық Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram

Мен бір көргеннен ғашық болуға сенбеймін. Менің ойымша, бұл – үлкен қателік. Сіз тек физикалық сипаттамаларға көңіл бөлсеңіз, сол үшін қатты өкінесіз.

Ілмектер: өкініш, махаббат, ғашық Ли Куан Ю
WhatsApp Telegram

Өзі тамаша адамның ғашық жары да тамаша болуға тиіс.

Ілмектер: тамаша, ғашық, жар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әлішер Науаи
WhatsApp Telegram

Ақылды адам ақылынан адаса ғашық болса да, ақымақтарша ғашық болмайды.

Ілмектер: Ақыл, ғашық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа де Ларошфуко
WhatsApp Telegram

Егер сонда бірін-бірі жақсы көрген екі адам бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтын екі аққуға ұқсаса, міне, сонда ғана олар — шын ғашықтар.

Ілмектер: ғашық, ғашықтар, махаббат, адам, өмір Ілияс Есенберлин
WhatsApp Telegram

Табысты болудың ең жақсы жолы — істейтін нәрсеңе ғашық болу.

Ілмектер: табыс, жол, ғашық, іс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джеки Чан
WhatsApp Telegram

Қайратсыз ашу-тұл,
Тұрлаусыз ғашық-тұл.
Шәкіртсіз ғалым-тұл.

Ілмектер: ғашық, шәкірт, ұстаз, мұғалім Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram