Өлең, жыр, ақындар

Әлішер Науаи

Науаи Әлішер (Низамеддин Мір Әлішер) (парсыша: علیشیر نوایی‎) (1441 ақпанның 9, Ғират — 1501 қаңтардың 3, сонда) — Түркі халықтарына ортақ ұлы ақын, ойшыл, мемлекеттік қайраткер.

Әкесі қайтыс болғаннан кейін 12 жасар Науаиды Бабыр өз тәрбиесіне алған. Науаи 15 жасында түркі және парсы тілдерінде бірдей жазатын белгілі ақын ретінде танылды. Ғиратта, Мешхедте, Самарқанда оқып, логика, пәлсапа, математика пәндерінен мағлұмат алды. Өзінен бұрынғы Фирдауси, Низами, Дехлави, Хорезми, Сайф Сараи, замандастары Атаи, Саккаки, Лутфи, Жәми шығармашылығымен танысты.


Нақыл сөздері

Нағыз адам өз елінің тағдырына қамқорлық жасамайтындарды адам деп айтпас болар.

Ілмектер: адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қамқорлық, ел, тағдыр Әлішер Науаи

Өзі тамаша адамның ғашық жары да тамаша болуға тиіс.

Ілмектер: тамаша, ғашық, жар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әлішер Науаи

Уайымсыз өтсем десеңiз,
Ғылым қамын жесеңiз.

Ілмектер: уайым, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ғылым Әлішер Науаи

Не керек жатқан байлық судай тасып,
Тұрмасаң қалың жұртқа қарайласып.

Ілмектер: жұрт, көмек, байлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әлішер Науаи

Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына.

Ілмектер: кітап, ақыл, қазына, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ақы Әлішер Науаи

Ақ жолында кім үйретсе бір әріп
Болмас оның қызметін қайтарып.

Ілмектер: оқу, әріп, нақыл, афоризм Әлішер Науаи

Тәрбиенің бірінші шарты балаға жақсы есім таңдау.

Ілмектер: есім, тәрбие, нақыл, афоризм Әлішер Науаи

Ғашықтың жолы ауыр жол, Билетпей бейіл соқпа қол.

Ілмектер: ғашық Әлішер Науаи

Кітап — ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына.

Ілмектер: кітап, қазына, ақыл, алтын Әлішер Науаи

Жаланың жыланнан да зәрі уытты,
Зұлымның аждаһадан кәрі мықты.

Ілмектер: жала, жылан, у, зұлым Әлішер Науаи

Жақсы адам өзінің жыртық тонымен де сыйлы, гүл өзінің жапырағымен сыйлы.

Ілмектер: адам, гүл, сыйлы Әлішер Науаи

Жақсы дос бойға жарасады,
Жақсы жолдас ойға жарасады.

Ілмектер: дос, ой, жолдас Әлішер Науаи

Білмегенді сұрап үйренген — ғалым, арланып сұрамаған — өзіне залым.

Ілмектер: ғалым, залымдық Әлішер Науаи

Саулық тілесең — көп жеме.

Ілмектер: ас, тамақ, денсаулық Әлішер Науаи

Егер сен шын адам болсаң, халқының тағдырына қабырғасы қайыспайтын қалтақбасты адам деуші болма.

Ілмектер: адам, халық, тағдыр Әлішер Науаи

Өз халқының қамын жеп,
Қайрат қылмас кісіні,-
Атамаңыз адам деп,
Ұқсаса да мүсіні.

Ілмектер: қам, қайрат Әлішер Науаи

Опасызда ұят жоқ,
Ұятсызда опа жоқ.

Ілмектер: Ұят Әлішер Науаи

Қарап көріңіз

Пікірлер