Не керек жатқан байлық судай тасып, Тұрмасаң қалың жұртқа қарайласып. Ілмектер: жұрт, көмек, байлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әлішер Науаи Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Не керек жатқан байлық судай тасып, Тұрмасаң қалың жұртқа қарайласып.
Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. — Ахмет Байтұрсынұлы тіл, ұлт
Балам деген жұрт болмаса – жұртым дейтін бала қайдан шықсын! — Ахмет Байтұрсынұлы жұрт, бала
Мен өлсем де өлемін жөнімменен, Тәннен басқа немді алар өлім менен?! Өлген күні апарып тығары – гөр, Мен жоқ болам көміліп тәнімменен. Тән көмілер, көмілмес еткем ісім, Ойлайтындар мен емес бір күнгісін. Жұрт ұқпаса ұқпасын жабықпаймын, Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін. — Ахмет Байтұрсынұлы өлім, жұрт
Ханнан тақыт таярда - қараша жұртпен хас болар, Байдан бақыт таярда — дәулетіне мас болар. Кәріден абырой таярда — аңдығаны ас болар, Жетесіз туған жігіттер — жиырма бесте жас болар. — Шал Құлекеұлы адам, өмір
Тіл — жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт. — Халел Досмұхамедұлы тіл, жұрт
Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі. — Ахмет Байтұрсынұлы адам, іс
Жұрт әділ болмай, жұрт ісі оңға баспайды. — Әлихан Бөкейханов әділдік, әділ
Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел — қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туашығына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады. — Міржақып Дулатұлы Тарих, халық
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі