Корейская косметика премиум класса

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (135) Ұлағатты сөздер (114)

Істі жақсы бастау, жартысын істегенмен бірдей

Ілмектер: іс, бастау Платон

Кейбір істерді істеу керек бола тұра істеуге болмайды.

Ілмектер: іс Ахмет Байтұрсынұлы

Орынды іске, пайдалы қаталдыққа ешкім өкпелемейді.

Ілмектер: іс, қаталдық Бауыржан Момышұлы

Әр іс - әрекеттің тууына түрткі болар себеп бар. Адамның әр қарекетінен оның жан дүниесінің сыры аңғарылады.

Ілмектер: іс, жан дүние, себеп Бауыржан Момышұлы

Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі - ниет керек, одан соң - күш керек, одан соң - тәртіп керек.

Ілмектер: ниет, күш, тәртіп, іс Мұхтар Әуезов

Әділдікті мойындау— адал кісінің ісі.

Ілмектер: әділдік, мойындау, адал, іс Бауыржан Момышұлы

Әрбір істің жаны - оның бітірілуінде.

Ілмектер: іс, жан Шыңғыс хан

Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білуі керек.

Ілмектер: ұстаз, ой, іс, ынта Владимир Маяковский

Адам неғұрлым идеялық жағынан білімді болса, соғырлым өз ісінде табанды да мығым болмақ.

Ілмектер: іс, білім, идея, адам Петр Лесгафт

Ешқашанда үлкен қиыншылықтарсыз үлкен істер болмайды.

Ілмектер: іс, қиыншылық Франсуа Вольтер

Пікір күшті болса, іс те күшті болмақ.

Ілмектер: пікір, іс Уильям Шекспир

Қолынан келетін, істеуге тиісті ісін істей алатын адамды бақытты, әрі тамаша адам деуге болады.

Ілмектер: іс, бақыт, адам Леонардо да Винчи

Әр істің бір сәні бар.
Әр қимылдың өзінше,
Ырғағы бар, әні бар.

Ілмектер: іс, ән Сәкен Сейфуллин

Бүгін істей алатын істі, ертеңге қалдырма

Ілмектер: бүгін, іс Бенджамин Франклин

Шешен сол - сөйлер сөзден қамалмаса,
Жақсы сол - істер ісін тәмамдаса.

Ілмектер: шешен, жақсы, сөз, іс Шал Құлекеұлы

Ұлы істерді ойланбастан жасау қажет. Себебі қауіп туралы ой сенің батылдығың мен жылдамдығыңды тежейді

Ілмектер: ой, іс, жылдамдық, батылдық, қауіп Юлий Цезарь

Нағыз құштарлық пен сүйіспеншіліксіз қай іс болса да ілгері баспайды.

Ілмектер: құштарлық, сүйіспеншілік, іс Павлов Иван Петрович

Білу ғана аз, сол білгеніңді істе қолдана білу керек.

Ілмектер: білу, іс Иоганн Вольфганг фон Гёте

Жұмыс — бұл менің өмірлік ісім. Жұмыс істемеген кезде, мен өзімде ешқандай тіршілік белгісін сезбеймін.

Ілмектер: жұмыс, іс Жюль Верн

Еркекке тіс те керек, іс те керек, білек те керек, жүрек те керек...

Ілмектер: еркек, жүрек, білек, іс Ғабит Мүсірепов

×