Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"есеп" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "есеп" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Күнде өзіңе есеп бер. Өзіңді тәрбиелей бер.
Ілмектер: есеп, тәрбие Бауыржан Момышұлы
Миуасын үзген бақшаңда шыбығың қанша қадаған? Өмірлік ұшпақ атанған қасиетті мынау сарайға Кірпішің қанша қалаған? Есеп бер женер алдында!
Ілмектер: бақша, шыбық, өмір, кірпіш, есеп Абдолла Жұмағалиев
Нақты жүзеге асырылған іс қана есепке жүреді.
Ілмектер: іс, есеп Альфред Адлер
Сабыр, есеп керек, өмір әуеніне үйлесе білу керек.
Ілмектер: Сабыр, есеп, өмір, әуен, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
Өзгенің есебінен жақсы көрініп — жарылқаушы атануға, ел мүддесіне нұқсан келтіруге болмайды.
Ілмектер: есеп, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ел, мүдде Нұрсұлтан Назарбаев
Батырлық тәуекел мен ақылдың есебінен шығуға тиіс. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал ақылсыз тәуекелді ештеңе де ақтап ала алмайды.
Ілмектер: Батырлық, тәуекел, ақыл, есеп, ақтау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Есебі жоқ ант ішпе.
Ілмектер: есеп, ант, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
Егер сіз жұмыс уақытыңызды келесі демалысқа қанша сағат және минут қалды деп есептеумен өткізсеңіз, онда сіз ешқашан миллиардер бола алмайсыз.
Ілмектер: жұмыс, уақыт, демалыс, есеп, байлық Дональд Трамп
Ердің құны сөз емес есебін тапқан сабазға,
Ілмектер: ер, есеп, сөз, көңіл Асан қайғы
Мойның бұрып сөз айтпас көңілі қалған аразға.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі