Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Бұл бөлімде "мүдде" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Өмірдің əр саласы адамның алдына басқа салалардың да мүддесін ескере отырып жүзеге асыруға тиісті міндеттер қояды.
Ілмектер: сала, адам, мүдде, міндет, өмір Альфред Адлер
Біздің бəріміз де бүтін біткенге көз қиығын да салғымыз келмейді: тек өз мақсат-мүдделерімізге сəйкес келетін бірдеңелерді ғана бағалаймыз.
Ілмектер: мақсат, мүдде Альфред Адлер
Жеке пайданың мүддесін ортақ пайда мүддесіне жеңдіру, қандай түрде көрініс тапса да, адамгершілік сипатта болады, өйткені оның өзегінде міндетті түрде өзін-өзі құрбандыққа шалу мен өзінен-өзі бас тарту жатады.
Ілмектер: пайда, мүдде, адамгершілік, көрініс, адамгершілік, міндет, құрбандық Эмиль Дюркгейм
Мүдде деген — іс жүзінде ең бір тұрақсыз нəрсе.
Ілмектер: мүдде, тұрақсыздық Эмиль Дюркгейм
Өз мүддеңді көп мүддесінен жоғары қойсаң, өзің ғана бишарасың. Көп мүддесін жоғары ұстасаң, көп те сені жоғары көтереді.
Ілмектер: мүдде, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
Өзгенің есебінен жақсы көрініп — жарылқаушы атануға, ел мүддесіне нұқсан келтіруге болмайды.
Ілмектер: есеп, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ел, мүдде Нұрсұлтан Назарбаев
Англияның мәңгілік достары жоқ, оның тек мәңгілік мүдделері ғана бар.
Ілмектер: Англия, дос, мүдде Уинстон Черчилль
Батыр — ол адамзат қоғамының мүддесі үшін, сын сағатта қолынан келген барлық мүмкіндікті жасай алатын адам.
Ілмектер: батыр, қоғам, мүдде, адам Юлиус Фучик
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі