Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (2) Өлеңдер (1) Ұлағатты сөздер (11)

Құрбандық — Ұлағатты сөздер жинағы

Бұл бөлімде "құрбандық" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Қисынды ойлау əдеті қиялды құрбандыққа шалады.

Ілмектер: ойлау, құрбандық Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Жеке пайданың мүддесін ортақ пайда мүддесіне жеңдіру, қандай түрде көрініс тапса да, адамгершілік сипатта болады, өйткені оның өзегінде міндетті түрде өзін-өзі құрбандыққа шалу мен өзінен-өзі бас тарту жатады.

Ілмектер: пайда, мүдде, адамгершілік, көрініс, адамгершілік, міндет, құрбандық Эмиль Дюркгейм
WhatsApp Telegram

Есейген шақта қоршаған орта (ата-ана, мұғалім, дос... ) сенің тағдырыңды қалыптастыратын болса, сен тәуелдісің, Құлдық Санамен ойлайсың. Кіндікті әке-шешеңнен барынша ертерек кескен дұрыс деп ойлаймын, өлмейсің, өмірді ерте түсінесің.

Ілмектер: қоршаған орта, ата-ана, әке-шеше, Мұғалім, дос, тағдыр, тәуелділік, Құлдық Сана, кіндік, өлім, өмір, дүние, махаббат, құрбандық, жанашырлық, ақша, байлық Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Мазақ етуші мазақталушыдан да гөрі мазақ болады. Құрбандық шалу үшін — құрбандық қана емес құрбандыққа мойын ұсынушы да керек.

Ілмектер: мазақ, құрбандық Жорж Батай
WhatsApp Telegram

Енді поэзия туралы былай дей аламын: ол — өзімізді өзіміз сөздің құрбандығына шалатын құрбандық.

Ілмектер: поэзия, құрбандық, сөз Жорж Батай
WhatsApp Telegram

Құрбандық шалудың ақтық мақсаты – жақсылыққа жол ашу.

Ілмектер: құрбандық, жақсылық Жорж Батай
WhatsApp Telegram

Құрбандық шалу дегеніміз — ессіздік, бар білімнен бас тарту, бос кеңістікке барып құлау!

Ілмектер: құрбандық, білім, кеңістік Жорж Батай
WhatsApp Telegram

Тарихта ұдайы осылай болып тұрады: ол алға қадам жасаған еді, сол үшін əлденесін құрбандыққа шалуға тура келді.

Ілмектер: тарих, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, құрбандық Жак Деррида
WhatsApp Telegram

Діни өсиеттерге сəйкес өмір сүру дегеніміз — тоқтаусыз құрбандықтар шалу тізбесі.

Ілмектер: дін, өсиет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, құрбандық Освальд Шпенглер
WhatsApp Telegram

Біз оларға жанашырлық танытып, олардың қайғысын сезінеміз. Оларға айтарымыз, құрбандықтары үшін рахмет. Бұл ел азабы, сол жерде тұратындар үшін жеке қасірет.

Ілмектер: қайғы, сезім, құрбандық Даниэль Аялон
WhatsApp Telegram

Егер тілім ертең болса құрымақ, Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ.

Ілмектер: тіл, құрбандық Расул Ғамзатов
WhatsApp Telegram