Батыр — ол адамзат қоғамының мүддесі үшін, сын сағатта қолынан келген барлық мүмкіндікті жасай алатын адам. Ілмектер: батыр, қоғам, мүдде, адам Юлиус Фучик Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Батыр — ол адамзат қоғамының мүддесі үшін, сын сағатта қолынан келген барлық мүмкіндікті жасай алатын адам.
Шешендіктен не пайда, Артында сөзі қалмаса? Батырлықтан не пайда, Халқына қайран қылмаса? Хандықтан не пайда, Қарашасын жалмаса? Молдалықтан не пайда, Шариғатты өзгертіп, Нашарларды алдаса? — Төле би Әлібекұлы шариғат, батырлық
Мына заман қай заман, Қаскүнемге жай заман. Араздық пен өсекке, Өлшеуі жоқ бай заман. — Шәкәрім Құдайбердіұлы заман, қоғам
Ешкімде іштей батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады. — Бауыржан Момышұлы батыр, мінез
Батыр боп жауға найзаң тимесе, Батырлықтан не пайда. Бай болып халқыңа пайдаң тимесе, Байлығыңнан не пайда… — Әйтеке би батыр, бай
Толарсақтан саз кешіп, Тоқтамай тартып шығарға. Хас үлектен туған кәтепті, Қара нар керек біздің бұл іске. — Махамбет Өтемісұлы батырлық, ерлік
Мен ағайынды екеумін: біреуі - өзім, екіншісі - халқым. — Сырым Датұлы халық, афоризм
Шешен жігіт – жол бастар, батыр жігіт – қол бастар. — Шалкиіз Тіленшіұлы шешен, батыр
Ел қамын жеген ер - басшы. Ердің жеңілгені - елдің жеңілгені. — Тоныкөк батырлық, ерлік
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі