Фильтр для воды
Корейская косметика премиум класса

Сырым Датұлы

Сырым Датұлы (1712—1802) — Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен.

Шыққан тегі — Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан. Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдігімен аты шыққан «Бала би» атанды.


Нақыл сөздері

Суатпын деп мақтанба: су жаманы суат - басынан соқпақ кетпейді; қазықпын деп мақтанба: мүлік жаманы қазық - басынан тоқпақ кетпейді.

Ілмектер: Суат, мақтаншақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, су, қазық, мүлік, жаман Сырым Датұлы

Біреудің түйе жаятын кісісі жоқ,
Біреудің намаздан басқан ісі жоқ.

Ілмектер: намаз, іс, нақыл, афоризм Сырым Датұлы

Табалдырықтан биік тау жоқ,
Жаман ағайыннан асқан жау жоқ.

Ілмектер: жаман, жау, нақыл, афоризм Сырым Датұлы

Таудан биік көңіл бар, теңізден терең ғылым бар, оттан бетер - қайғы-зар.

Ілмектер: көңіл, қайғы, ғылым, зар, нақыл, афоризм Сырым Датұлы

Халық — көл, хан — құс.

Ілмектер: халық, хан, нақыл, афоризм Сырым Датұлы

Мен ағайынды екеумін: біреуі - өзім, екіншісі - халқым.

Ілмектер: халық, афоризм, нақыл, қоғам, мемлекет, заман Сырым Датұлы

Бір аяқ сусын екі кісінің құны: су табылмаса шөлдеген өледі, ұяттан — тауып бермеген өледі.

Ілмектер: құн, ұят, су Сырым Датұлы

Дәурені озса — жасы жеткені болар, қамқа тозса — күтімі кеткені болар.

Ілмектер: дәурен, қарттық, жастық, күтім Сырым Датұлы

Қарадан хан болсам — халқым қалаған болар,
Айырдан нар болсам — атам жараған болар,
Жоқтан бар болсам — құдайым қараған болар.

Ілмектер: кедей, халық, нар, кедейшілік Сырым Датұлы

Ешкісі семіз, қойы арық-мал сорлысы,
Топырағы сортаң, суы ащы — жер сорлысы,
Әйелі семіз, ері арық — ел сорлысы.

Ілмектер: сор, семіздік, әйел, ер, мал, су, топырақ Сырым Датұлы

Азамат жетім болмайды - халықтан болса панасы, халық жетім болмайды - басшы болса данасы.

Ілмектер: халық, жетім, дана, азамат, басшы Сырым Датұлы

Ағаңнан айырылсаң — қанатыңның қайырылғаны,
Әкеңнен айырылсаң — асқар тауыңның шағылғаны,
Сүйген жарыңнан айырылсаң— жапырағыңның қуарғаны,
Анаңнан айырылсаң — ағып жатқан бұлағыңның суалғаны.

Ілмектер: аға, әке, сүйген жар, ана, айрылу Сырым Датұлы

Ата тұрып ұл сөйлесе — ер жеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе — бой жеткені болар.

Ілмектер: ата, ана, қыз, ұл, ер жету, бойжеткен, сөз, сөйлеу Сырым Датұлы

Кәрінің үш түрі болады: біріншісі - қадірлі қария, екіншісі - қазымыр кәрі, үшіншісі — қадірі жоқ қыдырма шал.

Ілмектер: кәрі, қадірлі, қария, шал Сырым Датұлы

Ат - шабысына қарай шабады, ер - намысына қарай шабады.

Ілмектер: намыс Сырым Датұлы


×