Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (9) Өлеңдер (30) Мақал-мәтелдер (67) Ұлағатты сөздер (38) Әзіл, анекдоттар (1)

Ұл — Ұлағатты сөздер жинағы

Бұл бөлімде "ұл" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Ұлғайып қалған ұл-қыздарыңмен тең сөйлес. Өктемдік жасап, асырап – баққаныңды міндет етпе.

Ілмектер: ұл, қыз, бала, өктемдік, бағу, ата-ана Шалқар Әбіш
WhatsApp Telegram

Ұрпақ тәрбиесі елу пайыз сенің мойныңда. Ұлың өзіңнен озатын болсын. Қызың саған қарап серігін тауып, бақытты болсын.

Ілмектер: тәрбие, бақыт, ұл, қыз, ұрпақ Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Көзі жеткен шындыққа ара түспеу — кісілікке мін.
Шырылдап жатқан әлсізге ара түспеу — жігіттікке мін.
Үйретері жоқ болса — үлкендікке мін.
Кешірімі жоқтық — адамшылыққа мін.
Дана сөзін елемей шала сөзін демесе — елдікке мін.
Баласынан жерісе — аналыққа мін.
"Бақа бастысын" сыйламаса — әйелдікке мін.
Шаңырақ көтере алмаса — еркектікке мін.
Жасы жетпей марқайса — ұлға мін.
Жасы жетпей сарғайса — қызға мін.
Жерінен елі жерісе — патша міні.
Жұрты жалаңаш, өзі тоқ — әкім міні.

Ілмектер: мін, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, шындық, әлсіз, кешірім, дана, ана, бала, әкім, патша, ұл, қыз, сыйлау, еркек, әйел Сайын Назарбекұлы
WhatsApp Telegram

Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе,
Ел, тегі, алсын қайдан кемеңгерді.

Ілмектер: ұл, ер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, кемеңгер Ілияс Жансүгіров
WhatsApp Telegram

Ана — тапқан ұлымен ардақты,
Саудагер — тапқан пұлымен салмақты.

Ілмектер: ана, бала, ұл, саудагер, пұл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы
WhatsApp Telegram

Сүйер ұлың болса сен сүй,
Сүйсінерге жарар ол.

Ілмектер: ұл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Тай өссе ат тыныс алады,
Ұл өссе ата тыныс алады.

Ілмектер: тай, ата, ұл, тыныс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Махмұд Қашқари
WhatsApp Telegram

Өзіңнен тумай ұл болмас, сатып алмай құл болмас.

Ілмектер: ұл, бала, құл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Ұл өсіріп, қыз асырап отырмыз.

Ілмектер: ұл, қыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Жал-құйрығы қаба деп - жабыдан айғыр салмаңыз,
Қалың малы арзан деп - жаманнан қатын алмаңыз.
Жабыдан айғыр салсаңыз - жауға мінер ат тумас,
Жаман қатын алсаңыз - топқа кірер ұл тумас.

Ілмектер: жаман, қатын, ұл, айғыр, қанатты сөздер, афоризм Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Атаның ұлы жақсыға — малыңды бер де, басың қос: бір күні болар керегі.

Ілмектер: ата, ұл, жақсы, мал Шалкиіз Тіленшіұлы
WhatsApp Telegram

Тең атаның ұлы едің: дәрежеңді артық етсе – тәңірі етті.

Ілмектер: ата, ұл, дәреже, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы
WhatsApp Telegram

Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз.

Ілмектер: ұл, қыз, тәрбие, ұлт, нақыл, афоризм Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram

Оқыс сөз, одыраң мінез – үлгісі жоқ ұлдың, кер кеткен кыздың белгісі.

Ілмектер: сөз, мінез, нақыл, қыз, ұл, афоризм Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Жақсы әйел ұл туса - патшадан болмас кемдігі.

Ілмектер: әйел, ұл, патша, нақыл, афоризм Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке – әке, ал ұл – ұл болу керек.

Ілмектер: әке, билеуші, ұл Конфуций
WhatsApp Telegram

Қызы анадан үйренбей өнеге алмас,
Ұл атадан үйренбей сапар шекпес.

Ілмектер: тәрбие, ұл, қыз, ата, ана, өнеге Қорқыт ата
WhatsApp Telegram

Ұл ақылды хош көрмес – ата үлгісін көрмесе,
Қыз жарытып ас бермес – ана үлгісін көрмесе.

Ілмектер: ұл, қыз, тәрбие, үлгі, ата, ана, ас, ақыл Қорқыт ата
WhatsApp Telegram

Ат жемейтін ащы шөптің шыққанынан шықпағаны игі,
Адам ішпес ащы судың аққанынан ақпағаны игі,
Атасының атын шығармаған жігерсіз ұлдың – туғанынан тумағаны игі.

Ілмектер: ат, игі, су, бала, әке, ұл, жігер Қорқыт ата
WhatsApp Telegram

Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса,
Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса.

Ілмектер: ұл, мал, ақыл, ата, бала Қорқыт ата
WhatsApp Telegram