Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке – әке, ал ұл – ұл болу керек. Ілмектер: әке, билеуші, ұл Конфуций Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке – әке, ал ұл – ұл болу керек.
Қыз ақылды ескермес - ана үлгісін көрмесе, Ұл жарлықап ас бермес - әке үлгісін көрмесе — Қорқыт ата қыз, ұл
Құт берекең - атаң қымбат, Аймалайтын анаң қымбат. Мейірімді апаң қымбат. Асқар тауың - әкең қымбат. — Қазыбек Келдібекұлы Қазыбек би, ата
Ат жемейтін ащы шөптің шыққанынан шықпағаны игі, Адам ішпес ащы судың аққанынан ақпағаны игі, Атасының атын шығармаған жігерсіз ұлдың – туғанынан тумағаны игі. — Қорқыт ата ат, игі
Ағаңнан айырылсаң — қанатыңның қайырылғаны, Әкеңнен айырылсаң — асқар тауыңның шағылғаны, Сүйген жарыңнан айырылсаң— жапырағыңның қуарғаны, Анаңнан айырылсаң — ағып жатқан бұлағыңның суалғаны. — Сырым Датұлы аға, әке
Үміт күткен ұлы оңбаған болып кетсе – әке сорлы; қызы күйеуге өтпесе – шеше сорлы; сұлу деп алғаны сүйкімсіз болып шықса – жігіт сорлы; қыран деп тигені жапалақ болып шықса – жар сорлы — Әзілхан Нұршайықов әке, шеше
Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды. — Ян Амос Коменский әке, тәрбие
Әкесі өлген — асқар тауы құлағанмен бірдей, шешесі өлген — ағар бұлағы суалғанмен бірдей, ағасы өлген — оң қанаты қайырылғанмен бірдей, інісі өлген — сол қанаты қайырылғанмен бірдей, апа-қарындасы өлген - өрісі тарылғанмен бірдей. — Жиренше шешен әке, өлім
Әкесі бар баланың жебесі тастан өтеді. — Бұқар жырау әке, бала
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі