Ян Амос Коменский нақыл сөздері

Ян Амос Коменский нақыл сөздері мен қысқаша мәліметтері осы бетте берілген.

Ян Амос Коменский дәйексөздері мен ойларын осы жерден оқуға болады.

Автордың бөлімдері

Автор туралы Нақыл сөздері

Кiм басқаларды оқытса, сол қайталау арқылы өз бiлiмiн толықтыратындықтан және тақырыпқа терең бойлауға мүмкiндiк алатындықтан, өзiн-өзi үйретедi.

Ілмектер: білім, оқу, оқыту, үйрету, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ян Амос Коменский
WhatsApp Telegram

Бiлiм алу надандыққа қарсы егiлген дәрi.

Ілмектер: білім, надандық, дәрі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ян Амос Коменский
WhatsApp Telegram

Кітап — ақылды қуаттандыратын құрал.

Ілмектер: кітап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ян Амос Коменский
WhatsApp Telegram

Басқаны үйреткен кісі қайталау арқылы меңгерген білімдерін нығайтумен ғана емес, пәнге үңілуге мүмкіндік алумен де өзін-өзі үйретеді. Сондықтан да асқан дарынды Иохим Форций өзі жайында: - не естіп, не оқысам да, соның бәрі тіпті бір айдың ішінде-ақ ойымнан шығып кетеді, ал басқаларға үйреткенімді өзімнің бес саусағымдай соншалық айқын білемін,- дейді екен. Сондықтан ол зор табыстарға жету үшін шәкірттеріне, өздеріне шәкірттер тауып, оларға күн сайын өздері үйреніп жатқан нәрселерін үйретіп отыруды кеңес қылады.

Ілмектер: қайталау, нақыл, афоризм, үйрету Ян Амос Коменский
WhatsApp Telegram

Жақсылықты үйреткен мектеп – бақытты мектеп.

Ілмектер: Жақсылық, мектеп, бақыт Ян Амос Коменский
WhatsApp Telegram

Қызметтің пайдалы болуы уақытты ұтымды қолданудан.

Ілмектер: уақыт, нақыл, афоризм Ян Амос Коменский
WhatsApp Telegram

Даналықты үйрену - адамды мықты, әрі жанын жомарт етеді.

Ілмектер: жомарт, дана, даналық, нақыл, афоризм Ян Амос Коменский
WhatsApp Telegram

Білім шынайы, толық, анық, мықты болуы тиіс.

Ілмектер: білім, нақыл, афоризм Ян Амос Коменский
WhatsApp Telegram

Мұғалім — мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл – әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын, тынымсыз лаулаған жалын иесі.

Ілмектер: мұғалім Ян Амос Коменский
WhatsApp Telegram

Адамның бойындағы бұлжымас баянды нәрсе — өзінің жан дүниесіне жас кезінде сіңірген нәрсесі.

Ілмектер: адам, жастық Ян Амос Коменский
WhatsApp Telegram

Мақтан қума, бірақ бар күшіңмен мақтауға лайық әрекет жасауға тырыс.

Ілмектер: мақтаншақтық Ян Амос Коменский
WhatsApp Telegram

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды.

Ілмектер: әке, тәрбие, мектеп Ян Амос Коменский
WhatsApp Telegram