Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақал-мәтелдер (7) Ұлағатты сөздер (16)

"үйрету" туралы Ұлағатты сөздер

"үйрету" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "үйрету" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Өмірдің екі тірегі бар. Үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.

Ілмектер: Өмір, тірек, үйрену, үйрету, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дінмұхамед Қонаев
WhatsApp Telegram

Ақыл үйрету мен ақылды болу — мүлде бөлек нәрселер.

Ілмектер: ақыл, үйрету, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ақылды Георг Лихтенберг
WhatsApp Telegram

Кiм басқаларды оқытса, сол қайталау арқылы өз бiлiмiн толықтыратындықтан және тақырыпқа терең бойлауға мүмкiндiк алатындықтан, өзiн-өзi үйретедi.

Ілмектер: білім, оқу, оқыту, үйрету, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ян Амос Коменский
WhatsApp Telegram

Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.

Ілмектер: өмір, үйрену, үйрету, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дінмұхамед Қонаев
WhatsApp Telegram

Көргенін, білгенін айтпаса, аға кінәлы.

Ілмектер: кінә, үйрету, нақыл, афоризм Платон
WhatsApp Telegram

Басқаны үйреткен кісі қайталау арқылы меңгерген білімдерін нығайтумен ғана емес, пәнге үңілуге мүмкіндік алумен де өзін-өзі үйретеді. Сондықтан да асқан дарынды Иохим Форций өзі жайында: - не естіп, не оқысам да, соның бәрі тіпті бір айдың ішінде-ақ ойымнан шығып кетеді, ал басқаларға үйреткенімді өзімнің бес саусағымдай соншалық айқын білемін,- дейді екен. Сондықтан ол зор табыстарға жету үшін шәкірттеріне, өздеріне шәкірттер тауып, оларға күн сайын өздері үйреніп жатқан нәрселерін үйретіп отыруды кеңес қылады.

Ілмектер: қайталау, нақыл, афоризм, үйрету Ян Амос Коменский
WhatsApp Telegram

...баланы сүйе білуге үйрету - өмірдегі ең маңызды нәрсеге үйрету деген сөз.

Ілмектер: өмір, бала, үйрету, тәрбие, нақыл, афоризм Василий Сухомлинский
WhatsApp Telegram

Өзінің ақыл-ойын артықша бағалайтын адамды үйреткісі келетін кісі уақытты босқа шығындайды.

Ілмектер: ақыл, уақыт, адам, үйрету Демокрит
WhatsApp Telegram

Өзің білгеніңді халқыңа үйрет.

Ілмектер: білім, үйрету Міржақып Дулатұлы
WhatsApp Telegram

Адамды бір нәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі, оған жаңалық ашуға көмектескен жөн.

Ілмектер: адам, жаңалық, үйрету, қайталау Галилео Галилей
WhatsApp Telegram

Тәрбиешіге үйреткеннен бұйрық беру әлдеқайда жеңіл.

Ілмектер: тәрбиеші, мұғалім, үйрету, жеңіл Джон Локк
WhatsApp Telegram

Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз.

Ілмектер: үйрету, үйрену Сенека
WhatsApp Telegram

Ақылды адам үйренуді, ақымақ үйретуді жақсы көреді

Ілмектер: Ақылды, ақымақ, үйрену, үйрету Антон Чехов
WhatsApp Telegram

Үйрете отырып, үйрену ғана жеміс береді.

Ілмектер: үйрету, үйрену, жеміс Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Бiр әрiп үйреткенге 40 жыл сәлем бер.

Ілмектер: әріп, үйрету, сәлем Жүсіпбек Аймауытов
WhatsApp Telegram

Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.

Ілмектер: ұстаз, Мұғалім, үйрету, ұстаз туралы нақыл сөздер Әл – Фараби
WhatsApp Telegram