Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:
"Жақсылық" тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "Жақсылық" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
«Жақсы дос – қиын сәтте сыналады.»
Ілмектер: Жақсылық Тлеуғабыл Шырайлым
«Жақсылықты жасырмай жаса, бірақ мақтанбай жаса.»
Ілмектер: Жақсылық, мақтаншақтық Тлеуғабыл Шырайлым
"Түбі таза судың лайы жатпас, ниеті таза жанның қайғысы батпас "
Ілмектер: Жақсылық Тлеуғабыл Шырайлым
Қайтарымынан үмітті болсаң, жақсылық жасама.
Ілмектер: үміт, жақсылық, қайтарым Бауыржан Момышұлы
Бақытты болашақтың ең басты негіздерінің бірі — бұл жалпыға бірдей жақсылық тілеу.
Ілмектер: бақыт, болашақ, жақсылық, тілек Ілияс Есенберлин
Зұлымдық Алладан ба, әлде Аллаһ пәк па? Ізгілік Алладан, Субхан Аллаһ.
Ілмектер: Алла, зұлымдық, ізгілік, Жақсылық, Жамандық, пәк Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
Сіз дұрыс таңдау жасау үшін, бар жақсылық Бейсаналықтан басталады, ал сіздің санаңыз Жалпы Ақылдың (Жаратушының) даналығына ашық болуы керек.
Ілмектер: дұрыс, таңдау, жақсылық, Бейсана, сана, ақыл, Жаратушы, даналық Narsha Bulgakbaev Debut
Мистикалық өмірге деген ұмтылысы кезінде адамдар көп қателеседі: олар жақсылық пен жамандықты, жан мен денені, рух пен тəнді бір-біріне қарсы қояды.
Ілмектер: мистика, өмір, қателік, жақсылық, жамандық, дене, рух, тән Пьер Тейяр де Шарден
Құрбандық шалудың ақтық мақсаты – жақсылыққа жол ашу.
Ілмектер: құрбандық, жақсылық Жорж Батай
Егер Жақсылықтың көз қарыр жарқылы Жамандықтың қою қараңғылығын одан əрі қоюлатып көрсетпесе — екіншісінің көз тартарлық ештеңесі де қалмас еді.
Ілмектер: жақсылық, жамандық Жорж Батай
Жақсы істер туралы ойлап əуре болма, одан да жақсылық жасай бер.
Ілмектер: жақсы іс, ой, жақсылық Роберт Вальзер
Кітап емес, өмір жақсылыққа баулиды.
Ілмектер: кітап, өмір, жақсылық Роберт Вальзер
Жақсылыққа деген үміт көп жерде, аярлардан аяқ алып жүре алмайсыз.
Ілмектер: жақсылық, үміт Роберт Вальзер
Тауардың жақсылығына көзім жетіп тұрмаса да, оны жан сала дəріптеген жарнаманың сəттілігіне сенемін.
Ілмектер: тауар, жарнама, жақсылық, сәттілік Жан Бодрийяр
Өмірді жақсы көр, себебі оны Алла жаратты. Өмірде жүрген өзің сияқты адамдарды жақсы көр, себебі оларды да Алла жаратты. Адамның жаратқанын жақсы көр, себебі оларға да жаратуды Алла үйретті. Сонда адам нені жек көруі керек? Алланың жауы болған Шайтанның жаратқанын.
Ілмектер: Өмір, Алла, жақсылық, жаратылыс, адам, жек көру, жау, шайтан, туралы Нарша Булгакбаев
«Жақсы бол» деп әркім айтады, «жаман бол» деп ешкім айтпайды. Жаман сонда да бола береді. Адал дән егумен шығады, арам шөп өзі шығады. Жамандық арам шөп сияқты, жұлмаса өседі, егіннің өнімін кеседі. Сондықтан егін мен арам шөп, жақсылық пен жамандық өмір бойы отаса алмай келеді.
Ілмектер: жақсылық, жамандық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
Жақсы адамдар жақсылығын ұнатса, ізгілігінде қабағын түйіп емес, күлімдесе, қаншама игі іске ұтар еді.
Ілмектер: жақсы, Жақсылық, ізгілік Джеймс Усшер
Қулық пен құбылудан жалығудың өзі — жақсылық.
Ілмектер: жақсылық, қулық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
Өзің жақсы болсаң бәрі жақсы,
Ілмектер: нақыл сөз, дана сөз, жақсы, жақсылық, жаман, жамандық, нақыл, жақсылық пен жамандық Али Динабеков
Өзің жаман болсаң бәрі жаман.
Кісінің жақсылық, жамандығы оның өз парызын қалай түсінетіндігімен, қалай атқарғандығымен бағаланса өмір бәріне де жеңілірек болар еді.
Ілмектер: жақсылық, жамандық, парыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өмір Сайын Назарбекұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі