Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (7) Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (3) Ұлағатты сөздер (14)

Танымалдылық бұл тек қана сәттілік. Оған жету үшін айла керек.

Ілмектер: танымдылық, сәттілік, айла Михаил Лермонтов

Біздің ең үлкен кемшілігіміз қиындыққа тез берілеміз. Сәттілікке деген ең дұрыс жол – тағы да бір рет қадам жасап көру.

Ілмектер: кемшілік, қиындық, сәттілік, жол, қадам Томас Эдисон

Егер сіз дұрыс жолмен келе жатсаңыз әрі осы жолмен жүре берсеңіз, соңында сәттілікке жетесіз.

Ілмектер: сәттілік, жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Барак Обама

Ақыл-ой көп жерде сәттiлiк аз, сәттiлiк басым жерде ақыл-ой кем.

Ілмектер: ақыл, ой, сәттілік, аз, кем Аристотель

Бақыт пен денсаулық тілемеңіз, сәттілік тілеңіз. «Титаник» жолаушыларының барлығы бай-қуатты болды, ал жолы болғыштары бірнешеу ғана.

Ілмектер: бақыт, денсаулық, сәттілік, жолаушы, бай, байлық, қуат, жолы болғыш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уинстон Черчилль

Сәттілік — біржолата емес. Жеңіліс — пешенеге жазылмаған. Тек жалғастыра беру маңызды.

Ілмектер: Сәттілік, жеңіліс, маңыздылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уинстон Черчилль

Сәттілік — ынтаны жоғалтпай, бір сәтсіздіктен екінші сәтсіздікке қадам жасай алу мүмкіндігі.

Ілмектер: Сәттілік, ынта, сәтсіздік, қадам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уинстон Черчилль

Байлар мен танымал адамдар өздерін дәлелдеген тұлғалар ғой деп: «Біз олардың аяғының астында құрдай жорғалап жүруіміз керек, оларды қызғанып емес керісінше қызығып үйренуіміз керек, олардың бақыт пен сәттілік, жетістік пен жеңіс жолын білуіміз керек» деп қарсылық білдірерсіз, алайда олар осыншама бақ-нығметке, бақытқа қалай қол жеткізгендерін көбісі өздері де білмейді, себебі бұл тағдыр мәселесі.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, тағдыр, бақыт, Сәттілік, Жетістік, жеңіс, қызғаныш, тұлға, бай, жұлдыз, Әнші Нарша Булгакбаев

Өмір заңдылықтары өз суларын бейбіт түрде ағызып жатқан өзен сияқты жəне сіз бақытты немесе бақытсызсыз ба, жақсы немесе жаман адамсыз ба, сәтті немесе сәтсіз екеніңізге мүлдем бей-жай, бейқам, қарамайды. Ол жай ағып жатыр. Біреу бұл өзенге қайғыру, мұңаю үшін келеді, біреу бұл өзенге қуану, шаттану үшін келеді, бірақ табиғат заңдылықтары бізге мəн бермейді. Біз оның салқын суына қуана шомыла аламыз немесе жартастан құлап, батып та кете аламыз. Өзен əрдайым ағып жатады, өйткені ол бейтарап, ешкімді алаламайды, риясыз. Дегенмен өмір заңдылықтары бізді қолдай да, жоя да алады.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Өмір, Заң, бейбіт, Өзен, бақыт, жақсы жаман, Сәттілік, табиғат Нарша Булгакбаев

Егер сіз тезірек жетістікке жеткіңіз келсе, онда сәтсіздіктер жиілігін еселеуіңіз қажет. Сәттілік сәтсіздіктің арғы бетінде.

Ілмектер: Жетістік, сәтсіздік, Сәттілік Томас Уотсон

Сәтті және бақытты өмір қоршаған шындық пен сіздің санаңыздың арасындағы дұрыс қарым-қатынасқа байланысты. Адамның дүниеге келген кезден бастап 3 түрлі байланысы болады:
— Өз-өзімен байланысы
— Өзгелермен/Өмірмен (орта) байланысы
— Жаратушымен және оның жаратқан заңдылықтарымен (оны басқаша ғылым деп атайды) байланысы

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Сәттілік, бақыт, Өмір, шындық, сана, қарым-қатынас, жаратушы, Заң, ғылым Нарша Булгакбаев

Шабытыңның соңынан ер, сонда әлем сізге кедергі болған жерден де есіктерді айқара ашады.

Ілмектер: кедергі, шабыт, жол, Сәттілік Джозеф Кэмпбелл

Тәртіп — әскердің жаны. Аз әскерді үлкен күшке айналдырады, әлсізге сәттілік пен құрмет әкеледі.

Ілмектер: Құрмет, Әскер, Тәртіп, Сәттілік Джордж Вашингтон

Тауардың жақсылығына көзім жетіп тұрмаса да, оны жан сала дəріптеген жарнаманың сəттілігіне сенемін.

Ілмектер: тауар, жарнама, жақсылық, сәттілік Жан Бодрийяр

Пікірлер