Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Ұлағатты сөздер (19)

Өміріңіздегі келіспеушіліктер, кедергілер махаббатыңызға зиянын келтірмеу керек.

Ілмектер: кедергі, махаббат, зиян Александр Куприн

Басқару дегеніміз - жақсы адамдардың жұмыс істеуіне кедергі келтірмеу.

Ілмектер: басқару, кедергі, жұмыс, адам Сергей Капица

Адамның аса зор ерекшелігі — ең қиын кедергілерді жеңудегі табандылығы.

Ілмектер: адам, кедергі, жеңіс Людвиг ван Бетховен

Арманның орындалуына бір нәрсе ғана кедергі, ол – сәтсіздік туралы қорқыныш, қалғандары себеп.

Ілмектер: арман, қорқыныш, сәтсіздік, кедергі Пауло Коэльо

Өзінің еркін дамытқысы келген адам кедергілерді жеңіп үйренуге тиіс.

Ілмектер: адам, кедергі Павлов Иван Петрович

Қорқақтық - біздің ең басты кедергіміз.

Ілмектер: қорқақтық, кедергі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дейл Карнеги

Өнер мен сауда-саттыққа кедергі болма.

Ілмектер: өнер, сауда, кедергі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лао-цзы

Мен ешқашан мектеп тапсырмаларының жеке ілім-біліміме кедергі жасауына жол бермедім.

Ілмектер: мектеп, тапсырма, білім, кедергі Марк Твен

Кедергілер — ол, мақсаттан көзіңіз тайғанда көрінетін заттар.

Ілмектер: кедергі, мақсат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Генри Форд

Шабытыңның соңынан ер, сонда әлем сізге кедергі болған жерден де есіктерді айқара ашады.

Ілмектер: кедергі, шабыт, жол, Сәттілік Джозеф Кэмпбелл

Ерік дегеніміз — қозғаушы күш, мақсатқа жету жолындағы кедергілерді жеңуші құрал.

Ілмектер: Ерік, қозғаушы күш, мақсат, кедергі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Өткен — келешекке кедергі.

Ілмектер: келешек, кедергі, өткен шақ Роберт Вальзер

Ашудың мақсаты — кез келген кедергіні күшпен тез жою.

Ілмектер: ашу, мақсат, күш, кедергі Альфред Адлер

Кедергілер адамды қатігез етіп жібереді.

Ілмектер: кедергі, қатыгездік Элиас Канетти

Билеуші өзі мен өз құзырындағылар арасына ең үлкен əрі ең қиын кедергілер қойып қояды: соның арқасында ол күнге, немесе қытайдікіндей одан да, алысырақтағы аспанға айналады.

Ілмектер: билеуші, құзыр, кедергі, күн, аспан Элиас Канетти

Кісілер өз төңірегіне тізіп тастайтын кедергінің бəрі əлде — біреулермен жақындасып кетуден қорқуға байланысты туады. Бұл қорқыныштан көпшілік ортасына енген кезде ғана құтылуға болады.

Ілмектер: кедергі, қорқу, қорқыныш, құтылу Элиас Канетти

Барлығымыз болашағымызды жарқын етуге көмектесетін қызықты саяхатқа шыққымыз келеді. Біз алға ұмтылуға кедергі келтіретін сенімсіздікті қалай жоюды, сенімділікті қалай қалыптастыруды үйренгіміз келеді. Егер сіз өзіңізді тоқтап қалғандай сезінсеңіз, өзіңізді басқалардан төмен санасаңыз немесе өмірге сенімділікпен, ынта-жігермен (мотивациямен) қарай алмайтын болсаңыз сіз қазір өмірге наразысыз (өкпе, реніш, кек, наз, кінә, өкініш – жағымсыз сезімдер). Өткен өміріңіз қандай болмасын риза болу, бүгінгі күннен рухани ләззат алу және болашақтағы сізді күтіп тұрған нəтижелерге қанағаттанудан асқан қызықты саяхат жоқ. Шексіз сенімділік жағымсыз сезімдерден толық арылған кезде ғана орнайды.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, болашақ, саяхат, кедергі, сенімсіздік, сенімділік, сезім, Кінәлау, ынта, жігер, Мотивация, эмоция, өткен, бақыт, нәтиже, өкпелеу, ренжу, кек, наз, кінә, өкініш, қызықты, Рух, рухани байлық, рухани, ләззат Нарша Булгакбаев

Теріс эмоциялар мен деструктивті реакциялар белгілі бір психотравмаға (өткен шақтағы оқиға немесе жағдайға) тікелей байланысты пайда болмайды.
Ең жойқын теріс эмоциялар мен деструктивті реакциялар — сол травманы бүгінгі күнге дейін қалай қабылдап келе жатқанымызға, және ол туралы не ойлайтынымызға байланысты туындайды.

Сондықтан біз бастан өткерген қиындықтар мен кедергілер жайлы көзқарасымызды қайта қарап, өңдеп, өзгертуіміз қажет.
Бұл үшін ішкі жан дүниеміз бен сыртқы ортаны кінәламай, шынайы қабылдауымызды, сондай-ақ рационалды, продуктивті және реалистік түрде ойлануымызды сонымен қатар конструктивті дамуды үйренуіміз керек. Бұл тек теория ғана емес — нақты дағдылар мен тәжірибе арқылы қалыптасатын қабілет.

Бұл үшін мынадай қадамдарды орындаңыз:

1. Ойларыңызды сырттай бақылаңыз және барынша шынайы бағалауға тырысыңыз.
Бұл — өзін танудың және ішкі тепе-теңдікті қалпына келтірудің алғашқы қадамы. Сіздің ішкі тыныштығыңыз — өз ойларыңызды дұрыс тани білуден басталады. Бірақ бір нәрсені түсіну қажет: ойларыңыз сіздің шынайы болмысыңыз емес, тек санаңыздың уақытша көрінісі (ой дегеніміз ішкі сөздер мен бейнелер). Кейбір ойлар — ескі жаралардың жаңғырығы болса, кейбірі — қорқыныш пен күмәннің көлеңкесі ғана. Сол себепті, әр ойыңызға (сыртқы психологиялық шабуыл кезінде) бейтарап көзқараспен қарап үйреніңіз.

Өзіңізден сұрап үйреніңіз:
– Бұл ой қаншалықты шынайы?
– Мен оны қандай дәлелге сүйеніп қабылдадым?
– Бұл ой маған көмектесіп жатыр ма, әлде керісінше шектеп жатыр ма?

2. Барлық жүрегіңізді мазалап жүрген сұрақтардың бәрін миыңызға қоя беріңіз — бұл сіздің ішкі әлеміңізге апаратын жол. Ойларыңызды ақиқат сүзгісінен өткізуге, сенімдеріңізді қайта қарауға, ішкі кедергілерді тануыңызға көмектеседі. Өзіңізге сұрақ қойғанда, асықпаңыз. Әрбір сұрақ-жауап — өзіңізбен шынайы әрі терең сұхбат болсын.

Мысалы:
"Неге мен бұлай ойлаймын? Неге басқаша емес?"
"Бұл ой маған не береді? Қуаныш па әлде қайғы ма?"
"Бұл ойларым шындыққа сәйкес келе ме, әлде тек менің ішкі үрейім бе?"
"Мені тоқтатып тұрған не / кім?"
"Мен кімге / неге сенуім керек?"

Осыған тектес сұрақтар сіздің санаңызды сергітеді, көзқарасыңызды кеңейтеді, ал шынайы жауаптар — ішкі тыныштық пен дамудың бастауы бола алады. Сұрақ — бұл ізденіс. Ал ізденіс — бұл өсудің алғышарты. Өзіңізге адал болыңыз, жауап табу ғана емес, түсінуге тырысыңыз. Тек сұрақ қою арқылы адам шын мәнінде өзін қайта танып, қайта қалыптастыра алады.

3. Автоматты, аяқ астынан пайда болатын негативті ойларды бақылаңыз. «Автопилотты» өшіріп, сол ойларды шынайы тұрғыда талдауды (психоанализ) үйреніңіз — бұл ойлау гигиенасын қалыптастырады. Саналы түрде ойларыңыз бен қиялыңызды бақылау — өзіңіздің ішкі әлеміңізге терең үңілуге жол ашады. Әр ойды байқаңыз, бағалаңыз және оны өзгертуге болатынын мойындаңыз. Себебі әрбір ой — сіздің эмоцияңыздың және әрекетіңіздің бастауы. Ал ойдың тазалығы — жан дүниеңіздің тыныштығы мен тепе-теңдігінің кепілі. Негативті ойлармен күресу ғана емес, оларды түсіну, қабылдау, және қайта қарау, ақиқатқа бағыттау — міне, шынайы рухани және психологиялық өсу осыдан басталады. Бұл — өзіңізбен серіктесе өмір сүру, өз санаңызбен үйлесім табу (келіспеушілік пен ішкі соғыс емес). Саналы өмір — автоматизмнен бостандық табу. Өзіңізге мейіріммен қараңыз. Әр ойыңызды дұшпан емес, дос ретінде тыңдаңыз. Себебі ішкі диалог — бұл өз-өзіңізді емдеудің алғашқы қадамы.

4. Күнделік жүргізу — бұл жай ғана жазба емес, ішкі әлеміңізбен шынайы байланыс орнатудың ең тиімді жолы. Әр жазған сөзіңіз — өзіңізбен сырласу, жаныңызды тыңдау, жүрегіңізге үңілу. Ол — ішкі тыныштықтың, түсіністіктің және рухани жетілудің айнасы. Күнделігіңіз сіздің сенімді серігіңізге айналады:
— қуанышыңызды бөлісетін,
— қайғыңызды тыңдайтын,
— ойыңызды жинақтауға көмектесетін,
— армандарыңызды шынайы жоспарға айналдыратын.

Тұрақты түрде жазу арқылы сіз:
— өзіңізді жақсырақ тани бастайсыз,
— ішкі дауысыңызды естисіз,
— шешімдер қабылдауда айқындыққа ие боласыз,
— әрі өміріңізді саналы бағытта құра бастайсыз.

Күнделігіңіз — сіздің жан айнаңыз. Онда шындық бар. Онда үміт, ем, жеңіс жатыр. Бүгін бір сөйлемнен бастасаңыз, ертең — өз тағдырыңыз жайлы өмір кітабын жазасыз.

Есіңізде сақтаңыз:
Күн сайынғы шағын әрекеттер — ертең үлкен ішкі трансформацияға жетелейді.


Ілмектер: жойқын, теріс, эмоция, деструктивті, реакция, психотравма, өткен шақ, травма, қабылдау, ой, ойлау, жан, дүние, рационалды, продуктивті, реалистік, қиындықтар, кедергілер, көзқарас, өзгеріс, конструктивті, теория, дағды, тәжірибе, бақылау, әділеттілік, баға, сұрақ, механизм, өзін-өзі тану, мүмкіндік, әлем, автомат, негатив, ақиқат, талдау, қиындық, кедергі, талдау, гигиена, артықшылық, даму, әл-ауқат, психика, эмоция, күнделік, әрекет, трансформация, оқиға, жағдай Нарша Булгакбаев

Біз бастан өткерген қиындықтар мен кедергілер жайлы көзқарасымызды қайта қарап, өңдеп, өзгертуіміз қажет.
Бұл үшін ішкі жан дүниеміз бен сыртқы ортаны кінәламай, ақиқатты шынайы қабылдауымызды, сондай-ақ рационалды, продуктивті және реалистік түрде ойлануымызды сонымен қатар конструктивті дамуды үйренуіміз керек. Бұл тек теория ғана емес — нақты дағдылар мен тәжірибе арқылы қалыптасатын қабілет.

Ілмектер: қиындық, кедергі, көзқарас, жан, дүние, кінәлау, даму, дағды, тәжірибе, ақиқат Нарша Булгакбаев