Өлең, жыр, ақындар

Генри Форд

Генри Форд (ағылш. Henry Ford; 30 шілде 1863 жыл — 7 сәуір 1947 жыл) – бірегей тұлға, бұл машина құрылысында революция жасаған – шын мәнінде жеке автомобильді ойлап тапқан адам.

«Форд десек, автомобильді меңзейміз, автомобиль десек, Фордты меңзейміз». Өткен ғасырдың 20-жылдары қарапайым американдықтар XX ғасырдың ең үздік бизнесмендерінің бірінің еңбегін мойындап, осылай деп айтушы еді. Генри Форд табысының тарихы – бұл тар жол тайғақ кешуден өткен ирландтық текті ауыл баласының заманауи капитализмнің негізін қалаушысына айналу жолы.


Нақыл сөздері

Кедергілер — ол, мақсаттан көзіңіз тайғанда көрінетін заттар.

Ілмектер: кедергі, мақсат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Генри Форд

Егер елу ең бай еврейлік отбасынан ақшаларын тартып алса, соғыстар мен революциялар тыйылар еді.

Ілмектер: соғыс, революция, еврей, бай Генри Форд

Әдетте егде жастағы кісілер жастарға ақша жинауға кеңес беріп жатады. Бұл нашар кеңес. Бес теңгеліктер жинамаңыздар. Мен 40 жасқа жеткенше өмірімде бірде бір рет доллар да жинап көрмеппін.

Ілмектер: ақша, кеңес, жастық шақ, доллар, өмір Генри Форд

Сәтсіздік – бәрін де ақылға салып жаңадан бастауға берілетін мүмкіндік.

Ілмектер: сәтсіздік, ақыл, бастау, мүмкіндік Генри Форд

Мен осыны қалаймын. Осы болады.

Ілмектер: қалау Генри Форд

Сiз кез келген "Фордты" сатып ала аласыз, бірақ, оның түсі қара болады.

Ілмектер: көлік Генри Форд

Alfa Romeo-ны көргенде мен әрдайым бас киімімді шешемiн.

Ілмектер: Alfa Romeo, көлік Генри Форд

Ынта болса, адамның қолынан келмейтіні жоқ...

Ілмектер: адам, ынта Генри Форд

Жақсы көлік - жаңа көлік.

Ілмектер: жақсы, көлік, жаңа Генри Форд

Адамдарды жұмыс iстеуге екі түрлі жолмен қызықтыруға болады: еңбекақы мен одан айырылып қалу қорқынышын туғызу.

Ілмектер: адам, қорқыныш, жұмыс, қызықтыру Генри Форд

Егер сіз бірдеңені жасауға қауқарлымын немесе қауқарсызбын деп ойласаңыз — екі жағдайда да сіздікі дұрыс.

Ілмектер: іске асыру, сенім, жағдай Генри Форд

Адамдар күресуден бас тартып, жеңіліске ұшырайды.

Ілмектер: адам, күрес, жеңіліс, бас тарту Генри Форд

Қарап көріңіз