Шенеуніктің орнына еріксіз байланған данышпан не өлуі не ақылдан айрылу мүмкін.
Ілмектер: шенеунік, ерік, данышпан, өлу, ақыл Михаил Лермонтов
Адал да белсенді еңбек — ерік пен мінезіңді жарасымды бітімін жетілдіре түседі.
Ілмектер: еңбек, ерік, мінез Тәжібаев Төлеген
Ақыл кейде ерікті жетелегендей көрінеді, бірақ ол бәрібір қожайынның барғысы келген жеріне жол бастаушы ғана бола алады. Ерік дегеніміз көзі өткір ақсақты арқалап алып жол басатын құдіретті де, қуатты соқырға ұқсайды.
Ілмектер: ақыл, ерік, құдірет, соқыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр
Физика ғылымының барлық заңдары мен ережелерін білмеуіңіз мүмкін. Бірақ оған бағыну, бағынбау сіздің таңдау еркіңізде емес. Жаратушының заңдылықтары да дәл солай
Ілмектер: Нарша Булгакбаев, физика, ғылым, Заң, ереже, таңдау, ерік, жаратушы Нарша Булгакбаев
Берік болмай ерік жоқ.
Ілмектер: берік, ерік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Кім болса да, кездескен адамыңның азаматтық құны мен адамдық құрметіне объективті баға берме. Оның сұрқия ерік-ниетіне де, алдамшы да, қисынсыз ақыл-көзқарасына да назар аударма: алдыңғысында сен оған өшігесің, кейінгісінде сен оны менсінбейтін боласың. Қайта сен оның кешірмесіне, жолыққан ісіне, қажетсінуіне, абыржуы мен қайғысына назар аудар.
Ілмектер: адам, қайғы, абыржу, құн, ниет, ерік, ақыл, көзқарас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр
Өлімді мойынсынбайтын еріктің өзі, міне, осында! Еріктің күш құдіретінің тылсым құпия сырын аша алатын кім бар? Өйткені құдайдың өзі де әділін айтқанда — о бастан, табиғатында барлығының мән-мағынасын ашу үшін әдейі жаратылған айрықша бір алып ерік тәрізді. Өзінің еркі кемдігінен, әлсіздігінен дәрменсіздікке дес берген адам ешқандай періштені де, ажалды да әсте мойындамақ емес.
Ілмектер: ерік Джузеф Гленвилл
Ерiк әрдайым ойды көрсетедi, тiлек ерiктен озық жүредi, ал жағдайдан тiлек туындайды.
Ілмектер: тілек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ерік, жағдай Джон Локк
Әлсіз ерік-жігер — жеңіліске ұшыраудың хабаршысы.
Ілмектер: ерік, жігер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Ерік дегеніміз — қозғаушы күш, мақсатқа жету жолындағы кедергілерді жеңуші құрал.
Ілмектер: Ерік, қозғаушы күш, мақсат, кедергі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Арман – бос қиял, мақсат – бос ерік-жігер, ең жақсысы – бүгін күнің кешегі күнмен салыстырғанда одан әрі дамуың. Кейін өзгені кінәламау үшін (тағдырды, Алланы, өмірді), арман-мақсаттар адам сенерлік, өмірде жүзеге асыра алатындай болуы керек.
Ілмектер: Арман, мақсат, қиял, ерік, жігер, жақсы, бүгін, кеше, даму, Кінәлау, тағдыр, Алла, өмір, сенім Narsha Bulgakbaev
Өмірдегі қиындықтар мен ауыртпалықтар — күнәлар мен қателіктерден туындайды. Адам надандық пен қажетті білімнің жоқтығынан оларды өз еркімен қалайды, бірақ білмейді. Алайда, ешкім күнә мен қателікті қасақана, әдейі жасамайды, мұның бәрі үмітсіздік пен ішкі жанжал дертінен. Мұны түсіну және қабылдау қиын болуы мүмкін, бірақ мен үшін дәл солай.
Ілмектер: Өмір, қиындық, ауыртпалық, күнә, қателік, надандық, білімсіздік, ерік, үмітсіздік, жанжал, дерт Narsha Bulgakbaev
Өмір көп нәрсені өз еркіңнен тыс жасауға әсер етеді.
Ілмектер: өмір, ерік Станислав Ежи Лец
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі