Әлсіз ерік-жігер — жеңіліске ұшыраудың хабаршысы. Ілмектер: ерік, жігер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Әлсіз ерік-жігер — жеңіліске ұшыраудың хабаршысы.
Ат жемейтін ащы шөптің шыққанынан шықпағаны игі, Адам ішпес ащы судың аққанынан ақпағаны игі, Атасының атын шығармаған жігерсіз ұлдың – туғанынан тумағаны игі. — Қорқыт ата ат, игі
Ғылым үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек. — Әл – Фараби ғылым, адам
Жігерлі болса - ер болар. — Жамбыл Жабаев жігер, ер
Сабыр - ақылдың серігі. — Майлықожа Сұлтанқожаұлы сабыр, ақыл
Адам ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылық жоқтығынан азады. — Абай Құнанбайұлы адам, ақыл
Қыран құс желге қарсы ұшқанда ғана биікке самғайды… — Уинстон Черчилль қыран, құс
Адам болу оңай іс емес. Тек ерік-жігері мықты адам ғана адамдықтың шыңына жете алады. — Иоганн Вольфганг фон Гёте адам, жігер
Жалпы эмоциялар белгілі бір оқиға мен жағдайға байланысты емес, оны қалай қабылдайтынымыздан туындайды. Оқиға немесе жағдай — бейтарап. Ол өздігінен ешқандай мағына да, ешқандай сезім де тудырмайды. Мағына мен эмоция — біздің ішкі интерпретациямыздың жемісі. Бір жағдай — бір адамды күйзелтсе, екінші адамды жігерлендіруі мүмкін. Бұл айырмашылық — шындықта емес, қабылдауда. Біздің білетініміздей, эмоциялар — адамның ойлауын, әрекетін, әдетін тіпті тағдырын басқаруы мүмкін. Эмоцияны дұрыс түсінбеген жан — өзіне де, өзгеге де зиян келтіруі мүмкін. Кейде өкініш — өмір бойғы ренішке, кейде қорқыныш — үлкен мүмкіндік алдындағы тосқауылға, ал кейде — сол сәттегі эмоция шешуші таңдауымызды бұрмалап жібереді. Сондықтан әр эмоцияны бақылау — өзіңді тану мен жетілдірудің кілті. Оқиға емес — сенің оған деген көзқарасың маңызды. Әлем емес — сенің оған деген сенімің шешуші. Сыртқы жағдай емес — ішкі күйің өміріңнің бағытын анықтаушы. Көңілдің тазалығы — бет-бейненің нұрлануы. Жүректің тыныштығы — ақиқатпен үйлесімділігі. — Нарша Булгакбаев эмоция, оқиға
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі