Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:
"қыран" тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "қыран" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Бір арманға қол жетсе, екінші арман туады,
Ілмектер: арман, түлкі, қыран Қайнекей Жармағамбетов
Түлкі боп кейде ол кетсе, қыран боп адам қуады.
Қыран... Ол өте биікте самғайды, мына күнәлі топыраққа қонғысы да келеді, қонғысы да келмейді. Егер тартылыс заңы болмаса, сол аспанда қала берер ме еді?..
Ілмектер: қыран, топырақ, тартылыс заңы, күнә, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мұқағали Мақатаев
Ақымақ қара қарғаны,
Ілмектер: ақымақ, қыран, қарға, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фариза Оңғарсынова
Түлкiге баулып салғалы,
Қыран деп баптау күлкiлi:
Өлiмтiгiн көксеп құлқыны
Қарқылдап қояр бiр күнi.
Қырандар үндемегенде тотықұстар сөйлейді.
Ілмектер: қыран, құс, тотықұс, сқйлеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уинстон Черчилль
Қыран құс желге қарсы ұшқанда ғана биікке самғайды…
Ілмектер: қыран, құс, жетістік, жігер, биік, самғау, мотивация Уинстон Черчилль
Бұл жалған дүниеде кімнің төрт құбыласы тең болады? Түзу мылтық, қыран, жүйрік аты бар, мінез-құлқы мінсіз әйелі бар ердің төрт құбыласы тең болады.
Ілмектер: мінез, әйел, құбыла, мылтық, қыран, ат, нақыл, афоризм Би-шешендер
Асқардан биік тау болмас –
Ілмектер: тау, қыран, табиғат, нақыл сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы
Басына балапан ұшып қона алмас.
Бүркіттен қыран құс болмас –
Бауыры жайылмай бөрі алмас.
Қыран құс алар аңын жанарымен іздейді, қанатымен көздейді.
Ілмектер: қыран, көздеу Алмас Алматов
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі