Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (13) Өлеңдер (22) Мақал-мәтелдер (19) Ұлағатты сөздер (7) Әзіл, анекдоттар (1)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"қарға" тақырыбына байланысты Ұлағатты сөздер

"қарға" тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "қарға" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Қара қарға секiлдi арсыз, содыр, жабысқақ, ақылсыз, бұзық адамға өмiр сүру жеңiл. Ал, қарапайым, пәк, бiртоға, салқынқанды, алды-артын болжағыш таза адамға өмiр сүру қиынға түседi.

Ілмектер: қарға, ар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, содыр, жабысқақ, ақылсыз, бұзық, қарапайым, пәк, бiртоға, салқынқанды Будда
WhatsApp Telegram

Қарға да қанат қомдап қарқылдайды,
Несi артық менен осы сұңқардың деп.

Ілмектер: қарға, артық, сұңқар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фариза Оңғарсынова
WhatsApp Telegram

Ақымақ қара қарғаны,
Түлкiге баулып салғалы,
Қыран деп баптау күлкiлi:
Өлiмтiгiн көксеп құлқыны
Қарқылдап қояр бiр күнi.

Ілмектер: ақымақ, қыран, қарға, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фариза Оңғарсынова
WhatsApp Telegram

Мінген атың арыса — қатарға ену күн болар,
Қара көзден нұр тайса — қарға адым жер мұң болар.

Ілмектер: ат, қарға, нұр, көз, мұң, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Мың қарғаға — бір кесек.

Ілмектер: қарға, жауап Қашаған Күржіманұлы
WhatsApp Telegram

Кіммен жүргеніңе, кіммен дос болғаныңа мұқият бол. Өйткені бұлбұл гүлге, қарға қоқысқа жетелейді.

Ілмектер: бұлбұл, қарға, Достық, дос, жақсы, жаман Жалаладдин Руми
WhatsApp Telegram

Ұшудан қалған лашынның қарға төбесін теседі.

Ілмектер: лашын, қарға, құс, аң Құтып
WhatsApp Telegram