Өлең, жыр, ақындар

Құтып

Құтып (?-1341) - ойшыл, ақын. Шын аты белгісіз. Ақ Ордада өмір сүрген. Азербайжанның ұлы ақыны Низамидің әйгілі «Хұсрау мен Шырын» поэмасын қыпшақ тіліне аударған. Бұл - дүниежүзілік әдебиеттің алтын қорына енген шығарманың қыпшақ тіліне тұңғыш тәржімалануы еді.


Нақыл сөздері

Ізгілік тілесең - ізгі бол.

Ілмектер: ізгілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Құтып

Қасыңның қасына да сыр ашпа.

Ілмектер: дұшпан, қас, сыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Құтып

Пиғылы жатпен қатар отырма.

Ілмектер: пиғыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Құтып

Күш жұмсама, қорлық іздеме.

Ілмектер: күш, қорлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Құтып

«Хан сарайынан қашықтау жүрген жөн» деп айтады жұрт.

Ілмектер: жұрт, өсиет, нақыл, афоризм Құтып

Атып әкелген аң сыйлыққа жарамайды.

Ілмектер: аң, сыйлық, нақыл, афоризм Құтып

«Бұл дүние – ғашықтар дүниесі» деп айтады біліктілер.

Ілмектер: дүние, махаббат, нақыл, афоризм Құтып

Келісіп істесе - көп бітеді.

Ілмектер: ақылдасу, келісу, нақыл, афоризм, бірлік, татулық Құтып

Ғашық кісіде шыдам болмайды,
Шыдамы болса, ғашық та болмайды.

Ілмектер: шыдамдылық, шыдам, ғашықтық, махаббат, нақыл, афоризм Құтып

Кісі өз қолын өзі кесе алмайды.

Ілмектер: дәрменсіздік, нақыл, афоризм Құтып

Қайғылының көзінше қарқылдап күлме. Қайғы да мәңгі тұрмайды.

Ілмектер: қайғы, күлу, нақыл, афоризм Құтып

Жомарттық - жоқ атаққа жол ашады.

Ілмектер: жомарттық, нақыл, афоризм Құтып

Сараңнан бір тілім нан сұрағанша - аштан өлген жақсы.

Ілмектер: сараң, сараңдық, нан, нақыл, афоризм Құтып

Дән себілмей - астық өнбейді,
Дария буланбай - шық түспейді.

Ілмектер: нақыл, афоризм Құтып

Дүние кейде бал сыйлайды, кейде ара боп шағады.

Ілмектер: дүние, өмір, нақыл, афоризм Құтып

Бұ дүние де мыстан кемпірдей қу: тәттімен алдайды.

Ілмектер: дүние, нақыл, афоризм Құтып

Дүние тауқыметінен екі-ақ адам құтылар: біреуі - әлі тумаған адам, екіншісі - өлген адам.

Ілмектер: адам, нақыл, афоризм, тауқымет, өмір, дүние Құтып

Қайғы да - өтеді, қуаныш та - өтеді, дәурен де - өтеді: тек өкініш қана қалады.

Ілмектер: қайғы, өкініш, нақыл, афоризм, дәурен, нақыл, афоризм Құтып

Кәріге жігітшілік жараспайды.

Ілмектер: кәрілік, жастық шақ, нақыл, афоризм Құтып

Құдай берейін десе - ақылдының да, ақымақтың да тілегін береді.

Ілмектер: нақыл, афоризм, қалау, ақылды, ақымақ, тілек Құтып

Қарап көріңіз