Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (1) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (12) Ұлағатты сөздер (10)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"қорлық" туралы Ұлағатты сөздер

"қорлық" туралы ұлағатты сөздер жинағы.

Құдайдан өлімнің барлық факторларын жоюды сұрауыңызға болады, сақтықта қорлық жоқ, алайда Алла Тағала өлімнің триллион факторын жаратақан. Тілек қабыл болады, бірақ Алланың өзі сіз үшін арнайы, мұхиттан терең таудан биік құрметіңіз бен абыройыңыз үшін өлімнің барлық факторларын сіз өлгіңіз келмейді екен деп жоя алмайды... Сондықтан өлімнен қашып құтылу мүмкін емес, бірақ бұл денсаулық сақтамау керек емес деген сөз емес. Ең дұрысы мәнді де сәнді сапалы да иманды ұзақ өмір сүруіңіз үшін дұға тілеу.

Ілмектер: өлім, құдай, фактор, қорлық, Алла, триллион, тілек, ақиқат, дұға, сапа, иман, өмір, имандылық Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Екі өлім бар — жанның өлімі (зинақорлық), тәннің өлімі (пайдақорлық).

Ілмектер: өлім, жан, өлім, зина, зинақор, зинақорлық, тән, пайда, қорлық Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

«Қорлық» қылмыс пен «құштарлық» қылмыс — бір-біріне қарама-қарсы.

Ілмектер: қорлық, қылмыс, құштарлық Жорж Батай
WhatsApp Telegram

Адамның қорлауына адамның езі, ынжығы ғана көнеді.

Ілмектер: адам, қорлық, ез, ынжық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Малыңды жауға, басыңды дауға салып қор қылма.

Ілмектер: мал, жау, бас, дау, қорлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Тұсында болған мәртті қорлама – табылмайды керекте.

Ілмектер: қорлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы
WhatsApp Telegram

Күш жұмсама, қорлық іздеме.

Ілмектер: күш, қорлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Құтып
WhatsApp Telegram

Ешқашанда қорлауды қабылдамаңыз.

Ілмектер: қорлық, нақыл, афоризм Эриксон Милтон
WhatsApp Telegram

«Желтоқсан» - тек Колбинге ғана қарсылық емес. Бұл - империялық қорлыққа, зорлыққа қарсылық. «Мен - қазақпын!» деп қасқая тұрып айта алмай, тілі байланып, аузы буылған азапқа қарсылық.

Ілмектер: желтоқсан, қорлық, қазақ, азап, қарсылық, нақыл, афоризм, Колбин Шерхан Мұртаза
WhatsApp Telegram

Дүниенің қорлығы - дүмшелердің зорлығы.

Ілмектер: дүние, қорлық, афоризм, нақыл Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram