Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (5) Мақал-мәтелдер (1) Ұлағатты сөздер (10) Әзіл, анекдоттар (1)

"сапа" туралы Ұлағатты сөздер

"сапа" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "сапа" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Сапа — саннан маңызды. Бір мінсіз нәтиже бірнеше орташа істен әлдеқайда құнды.


Қайдан: сұхбат (1980–1990 жж., түрлі интервьюлерде қайталанған)

Ілмектер: Стив Джобс, сапа, мінсіз, нәтиже, іс Стив Джобс
WhatsApp Telegram

Кемелдік ұсақ-түйектен құралады. Бірақ кемелдік — ұсақ нәрсе емес.

Қайдан: Леонардо да Винчидің жазбалары (дәптерлері / notebooks)
Кең таралған классикалық цитата, нақты бір кітап емес, оның қолжазбаларынан алынған.

Ілмектер: Леонардо да Винчи, кемелдік, ұсақ-түйек, сапа Леонардо да Винчи
WhatsApp Telegram

Өміріңнің сапасына тек сен жауаптысың!

Ілмектер: өмір, сапа, жауапкершілік Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Құдайдан өлімнің барлық факторларын жоюды сұрауыңызға болады, сақтықта қорлық жоқ, алайда Алла Тағала өлімнің триллион факторын жаратақан. Тілек қабыл болады, бірақ Алланың өзі сіз үшін арнайы, мұхиттан терең таудан биік құрметіңіз бен абыройыңыз үшін өлімнің барлық факторларын сіз өлгіңіз келмейді екен деп жоя алмайды... Сондықтан өлімнен қашып құтылу мүмкін емес, бірақ бұл денсаулық сақтамау керек емес деген сөз емес. Ең дұрысы мәнді де сәнді сапалы да иманды ұзақ өмір сүруіңіз үшін дұға тілеу.

Ілмектер: өлім, құдай, фактор, қорлық, Алла, триллион, тілек, ақиқат, дұға, сапа, иман, өмір, имандылық Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Иман — жанның сапасы.

Ілмектер: иман, жан, сапа, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дулат Бабатайұлы
WhatsApp Telegram

Сапаға айналмаған сан жеме-жемге келгенде сан болудан қалады.

Ілмектер: сапа, сан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шерхан Мұртаза
WhatsApp Telegram

Сапа ешқашан кездейсоқ келмейді. Ол — саналы түрде талаптанудың жемісі.

Ілмектер: сапа, Кездейсоқтық, сана, талап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин
WhatsApp Telegram

Егер жиі-жиі фильм түсіре берсең, кейде бір үздік фильм шығады.

Ілмектер: фильм, сапа, шеберлік, маман Вуди Аллен
WhatsApp Telegram

Жазушы еңбегі, түптеп келгенде, санмен емес, сапамен өлшенеді.

Ілмектер: сапа, жазушы, нақыл, афоризм Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Кітаптардың саны емес, оның сапалысы, жақсысы пайда келтіреді. Бұны көбі біледі, мойындайды, бірақ өздері амал етпейді.

Ілмектер: кітап, сапа Сенека
WhatsApp Telegram