Стив Джобс

Стивен Пол Джобс (ағылш. Steven Paul Jobs, (Ақпанның 24, 1955 – Қазанның 5, 2011) – американдық өнертапқыш және бизнес-магнат. Apple корпорациясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы болды. Сонымен қатар Стив Джобс Pixar Animation Studios компаниясының СЕО қызметін де атқарды. 2006 жылы The Walt Disney Company Pixar компаниясын сатып алған болатын, ал Стив Джобс Disney компаниясының директорлар кеңесіне мүше болды. 1995 жылы шыққан «Ойыншықтар оқиғасы» атты мульфильмнің атқараушы продюсері ретінде көрсетілген еді.

Стив Джобс АҚШ тарихында табысты компаниялардың бірін құрып қана қоймай, ұзақ жылдар оның басшысы болғандар арасында ерекше тұлға. «Apple» интернет технологиялар жағынан әлемдегі ең ірі компанияға айналып, Microsoftты артта қалдырған. "Apple" негізінен өзінің жаңа ноутбуктары және «iPhoneн» смартфондары мен «iPad» планшеттері арқылы қалың көпшілікке танымал.


Нақыл сөздері

Зираттағы ең бай адам болу мен үшін маңызды емес. Маңыздысы — ұйқыға жатар кезде өзімнің расымен ғажап нәрсе істегеніме қанағаттану.

Ілмектер: зират, бай, қанағаттану, адам, маңызды, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Стив Джобс
WhatsApp Telegram

Сіз қарсыласыңыздың ойымен мүлдем келіспей тұрсаңыз да, әрқашан жауабыңызды болымды түрде бастаңыз.

Ілмектер: ой, жауап, қарсылас Стив Джобс
WhatsApp Telegram

Жай ғана алға қадам бас, жолдар өздері-ақ ашылып шыға келеді.

Ілмектер: қадам, жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Стив Джобс
WhatsApp Telegram

Егер де сіз бір нәрсе жасасаңыз және ол өте сәтті шықса, онда онымен тоқтап қалмаңыз – алға қарай қадам жасап, тағы да біреуін жасаңыз. Маңыздысы одан әрі не істеу керегін анықтап алу.

Ілмектер: стратегия, іс Стив Джобс
WhatsApp Telegram

Егер сіздер бес сағаттың ішінде жақсы есім ұсына алмасаңыздар, мен компанияның атын Apple (Алма) деп атай саламын.

Ілмектер: Apple, компания, ат Стив Джобс
WhatsApp Telegram

12 сағат жұмыс жасауың міндетті емес. Бірақ басың үнемі істеу керек.

Ілмектер: жұмыс, бас Стив Джобс
WhatsApp Telegram

Мен барлық технологиямды тек Сократпен кездесу үшін жұмсар едім

Ілмектер: технология, Сократ Стив Джобс
WhatsApp Telegram

Мен соңғы 33 жылымда таңертең айнаға қарап, өзіме былай деп сұрақ қоямын: «Егер бүгінгі күн менің өмірімнің соңғы күні болса, бүгін істейтін ісімді істер ме едім?»

Ілмектер: сұрақ, Өмір, соңғы күн, жоспар, іске асыру Стив Джобс
WhatsApp Telegram

12 сағат емес, баспен жұмыс істеу керек

Ілмектер: жұмыс, сағат, бас Стив Джобс
WhatsApp Telegram

Microsoft басты мәселесі, олардың талғамы жоқ. Расында да, талғамсыз. Олар шығармашылық туралы ойламайды. Олардың өнімдерінде мәдениет жоқ. (Triumph of The Nerds. 1996 жыл.)

Ілмектер: microsoft, мәдениет, талғам Стив Джобс
WhatsApp Telegram

Қарап көріңіз