Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (18) Өлеңдер (5) Мақал-мәтелдер (24) Ұлағатты сөздер (19)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"сараң" туралы Ұлағатты сөздер

"сараң" туралы ұлағатты сөздер жинағы.

Адам — сараң, сараң болуға мəжбүр, бірақ соған қарамастан ол өзіне қажеттілік ретінде топ ете түсер сол сараңдықты жек көреді.

Ілмектер: адам, сараң Жорж Батай
WhatsApp Telegram

Байқадыңыз ба: сараңдар өте ұзақ жасайды. Тегі, олар ажалдың өзінің зəресін ұшыратын болуы керек.

Ілмектер: ажал, сараң, зәре, сараңдық Роберт Вальзер
WhatsApp Telegram

Сараң болмау — байлық, шашпа болмау — пайда.

Ілмектер: сараңдық, сараң, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, байлық, пайда Цицерон
WhatsApp Telegram

Сараңды ақшамен, тәкәппарды жалынышпен, ақымақты қулықпен, дананы шындықпен жеңесің.

Ілмектер: сараң, ақша, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тәкаппарлық, жалыныш, ақымақ, қулық, дана, шындық Үнді даналығы
WhatsApp Telegram

Сараң бек ел билей алмайды.

Ілмектер: Сараң, бек, ел, билік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Көптеген дана адамдар сөзге сараң болғанмен, жүзi жарқын.

Ілмектер: дана, адам, сараң, сөз, жарқын, жүз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фрэнсис Бэкон
WhatsApp Telegram

Диета, сараң еркек, салыңқы көңіл-күйге ысырап етердей өмір онша ұзақ та емес.

Ілмектер: диета, сараң, еркек, көңіл, ысырап, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская
WhatsApp Telegram

Бақылдық жүрген жерде
Жомарттық жасап болмайды.

Ілмектер: бақылдық, жомарт, сараңдық, сараң
WhatsApp Telegram

Айтқан сөзге тұрмаған – жаман емей немене,
Сұрағанды бермеген – сараң емей немене,
Кісі ақысын көп жеген – арам емей немене,
Сыртыңдағы қулығың – амал емей немене,
Сусағанда берген су – шекер емей немене,
Ынжық ерге біткен мал – бекер емей немене?!

Ілмектер: сараң, жаман, арам, амал, бекер, нақыл Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Парақор биге ісің түспесін,
Сараң үйге кісің түспесін.

Ілмектер: парақор, пара, сараң, сараңдық, үй, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Майқы би
WhatsApp Telegram

Сараңнан бір тілім нан сұрағанша - аштан өлген жақсы.

Ілмектер: сараң, сараңдық, нан, нақыл, афоризм Құтып
WhatsApp Telegram

Барлық адамның жүрегінде жомарттарға деген махаббат, сараңдарға деген жиіркеніш сезімі болады.

Ілмектер: Жомарт, сараң, адам, сезім, Қоғам Яхия бин Муаз Рази
WhatsApp Telegram

Сараң санға қосылмас.

Ілмектер: сараң, сараңдық Махмұд Қашқари
WhatsApp Telegram

Дүниеде махаббат болмаса, табиғаты сараң кісі бұрынғысынан да сараң, ал жаратылысы қатты адам одан да қатулана түсер еді.

Ілмектер: дүние, махаббат, сараң, қатты, қатал Ілияс Есенберлин
WhatsApp Telegram

Сараң үйге - кісің түспесін, парақор биге - ісің түспесін.

Ілмектер: сараң, парақор, іс, үй Майқы би
WhatsApp Telegram

Сараңның жиған малы - арам.

Ілмектер: сараң, мал, арам Иүгінеки Ахмед
WhatsApp Telegram

Дүниенің малын жыйса да сараң тоймайды.

Ілмектер: дүние, мал, сараң Иүгінеки Ахмед
WhatsApp Telegram

Сараң - малдың құлы.

Ілмектер: сараң, мал, құл Иүгінеки Ахмед
WhatsApp Telegram

Берместің қолы бермеске бекем келер.

Ілмектер: сараң, сараңдық Иүгінеки Ахмед
WhatsApp Telegram