Өлең, жыр, ақындар

Фаина Раневская

Фаина Григорьевна Раневская (27.08.1896 ж.т., Таганрог, Ростов облысы - 19.07.1984, Мәскеу) - кеңес актрисасы, КСРО халық артисі. Жекe меншікті театр мектебінде оқыған. Сахналық қызметін 1915 ж. бастады. Қырым, Дондағы Ростов және Мәскеу театрларында ойнады. 1949-1955 ж. және 1963 жылдан Моссовет атындағы театрда қызмет етеді. Трагикомедиялық рольдердің үздік шебері.
Ойнаған негізгі рольдері: Шарлотта, Наташа, Саудагер әйел, Васса Железнова. Киноға түскен: Роза Скороход, Маргарита Львовна т.б.


Нақыл сөздері

Өмiрдi оңбағандардың есiнде қалатындай етiп сүру керек.

Ілмектер: өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская

Жалғыздық — үйіңде телефон тұрып, сағаттың шырылдауы.

Ілмектер: Жалғыздық, үй, телефон, сағат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская

Қызыл кітапқа кірген жануарлар аз да, дәмді, пайдалы тағам туралы Кітапқа енгендері — өте көп.

Ілмектер: қызыл кітап, жануар, дәмді, пайдалы, тағам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская

Бет-пошымын айтып шағымданатындар көп те, ақылын алымсынбайтындар — жоқ.

Ілмектер: ақыл, бет, шағым, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская

Нашар фильмге түсу — мәңгіліктің бетіне түкіргенмен бірдей!

Ілмектер: фильм, нашар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мәңгілік Фаина Раневская

Диета, сараң еркек, салыңқы көңіл-күйге ысырап етердей өмір онша ұзақ та емес.

Ілмектер: диета, сараң, еркек, көңіл, ысырап, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская

Миллион табынушың бар, бірақ дәріханаға барып келетін ешкім жоқ.

Ілмектер: табынушы, Миллион, дәріхана, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская

Нақұрыстар мен сайқымазақтарды өміріңізден аластап отырыңыз. Цирк гастрольге шығып тұруы керек.

Ілмектер: Нақұрыс, сайқымазақ, өмір, цирк, гастроль, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская

Семіз әйел болмайды, тар киім болады.

Ілмектер: семіз, әйел, тар, киім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская

Ұмытшақтықты емдей алмайсың, бірақ оны ұмытып кетуге болады.

Ілмектер: Ұмытшақтық, ем, ұмыту, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская

Пластикалық операция жасатқаннан не пайда?! Сыртын жаңартасың, ал кәріз құбыры бәрі бір ескі!

Ілмектер: сырт, ескі, Пластикалық операция, құбыр, нақыл, бет әлпет, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская

Денсаулық деген — күнде бір жеріңіздің сырқырауы.

Ілмектер: денсаулық, күн, сырқау, ауру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская

Әйел еркектен кейін өледі, өйткені үнемі кешігіп жүреді.

Ілмектер: әйел, еркек, кешігу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская

Ең қиын шаруаны таңғы асқа дейін тындырамын. Төсектен тұрамын.

Ілмектер: қиын, шаруа, таң, ас, төсек, тұру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская

Тіпті жалт-жұлт еткен тауыстың құйрығынан да кәдімгі тауықтың көтенін көруге болады.

Ілмектер: жалт-жұлт, тауыс, тауық, бірдей, кәдімгі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская

Оптимизм дегенің — ақпараттың жетіспеуі.

Ілмектер: Оптимизм, ақпарат, жетіспеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская

Егер біреу саған қастық жасаса — сен оған кәмпит бер. Ол саған қастық — сен оған кәмпит. Сөйтіп ол қаскөй неме қант диабетіне шалдыққанша жалғастыра бер.

Ілмектер: қастық, кәмпит, қаскөй, қант диабеті, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская

Биязы, тәрбиелі оңбағаннан, «боқауыз» жақсы адам болған артық.

Ілмектер: Биязы, тәрбиелі, оңбаған, боқауыз, жақсы, адам, артық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская

Қартаю қызықсыз, бірақ бұл ұзақ өмір сүрудің жалғыз амалы.

Ілмектер: қарттық, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская

Қарап көріңіз