Биязы, тәрбиелі оңбағаннан, «боқауыз» жақсы адам болған артық. Ілмектер: Биязы, тәрбиелі, оңбаған, боқауыз, жақсы, адам, артық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Биязы, тәрбиелі оңбағаннан, «боқауыз» жақсы адам болған артық.
Тәрбиелі адамдар адамның жеке басын ардақтай біледі, сондықтан да ол әр уақытта мейірбанды, жайдары, сыпайы, көнгіш келеді... Болмашыға бола өтірік те айтпайды... Олар көп мылжыңдамайды, ешкім сұрамаса ішкі сырын шашпайды. — Антон Чехов өтірік, сыпайылық
Сен үшін маңыздсы – өміріңдегі жылдардың саны емес, сол жылдарддың қаншалықты өмірге толы болуы. (1947 ж. Эдвард Дж. Стиглицтің [Edward J. Stieglitz] «The Second Forty Years» кітабының жарнамасында кездеседі) PS: Өмірдің қанша жылға созылғаны емес, сол жылдардың қаншалықты мағыналы, белсенді және бақытты өткені маңызды. — Эдвард Дж. Стиглиц өмір, Мағыналы өмір сүру
Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға. — Абай Құнанбайұлы бала, еңбек
Күнәдан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар, Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар. Алам десең, алыңдар. Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар, Еркек тоқты құрбандық. Атам десең атыңдар — Қайрат Рысқұлбеков еркек, Қазақ
Ұстаз болу — жүректің батырлығы, Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы Ұстаз болу — мінездің күн шуағы Ұстаз болу — адамның асылдығы. — Ғафу Қайырбеков ұстаз, мұғалім
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті. — Ғабиден Мұстафин тіл, сөз
Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!.. — Қадыр Мырза Әли ана тіл, тіл
Алтын ұяң – Отан қымбат, Құт-берекең атаң қымбат. Аймалайтын анаң қымбат. Мейірімді апаң қымбат. Асқар тауың әкең қымбат. Туып-өскен елің қымбат. Ұят пенен ар қымбат, Өзің сүйген жар қымбат. — Қазыбек Келдібекұлы отан, ұят
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі