Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (8) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (1) Ұлағатты сөздер (10)

"пайдалы" туралы Ұлағатты сөздер

"пайдалы" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "пайдалы" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Ең биік мақсат – өзіңді дұрыс тәрбиелеп, қоғамға қажет, пайдалы адам қылып шығару.

Ілмектер: Мақсат, тәрбие, қоғам, пайдалы, адам, қажет Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Көптеген адамдар уақытты өлтіруді, босқа өткізуді, жаман әдеттерге бой алдыруды, санасын шектеуді, зиянды ақпараттарды алуды пайдалы, тіпті қажет деп санайды, себебі олар Құлдық Санада.

Ілмектер: Адам, уақыт, өлім, жаман, әдет, сана, шектеу, зиянды, пайдалы, қажет, құл, сана, құлдық сана Narsha Bulgakbaev
WhatsApp Telegram

Адам жанының, өмірдің мәңгілік екенін білетін шығарсыз, білуіңіз керек, себебі бұл өте маңызды, сонда адам жаны өлімнен қорықпайтын болады, күйзеліске ұшырамайды. Сондықтан Құран әрдайым өлімді еске алуға кеңес береді. Ертең өлетіндей өмір сүрсеңіз, мәңгілік өлмейтініңізге сеніңіз. Дегенмен тән – табиғат заңдылығына сәйкес өлімнен әрдайым қорқады. Қорықпаймын деу екіжүзділіктің белгісі. Адам өлімнің мәнін және одан шын қорықпауды – Алланы, қиямет күнін, қайта тірілуді, күннің астында ұзақ жылдар тұруды, қорқынышты сотты, қыл көпірді және ақыретті (жаннат пен тозақ) жиі еске алу арқылы үйренеді және бұл әсіресе намаз оқу процесінде орын алуы керек. Пайдалы болсын, зиянды болсын белгілі бір сенімге негізделген сөздерді қайта-қайта еске алу немесе басқа адамның есіне салу бұл сіздің болашағыңызды қалыптастыратын тағдыр және басқалардың жан дүниесіне әсер қалдыратын із.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, құран, Алла, құдай, намаз, адам, жан, мәңгілік, Өмір, өлім, күйзеліс, тән, табиғат, қорқақтық, екіжүзділік, күн, көпір, Сот, қорқыныш, ақырет, жаннат, тозақ, өмірдің мәні, болашақ, тағдыр, сөз, сенім, пайдалы, зиянды Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Жағымды нәрсені пайдалының құнымен сатып алма.

Ілмектер: Жағымды қасиет, пайдалы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, құн Пифагор
WhatsApp Telegram

Қызыл кітапқа кірген жануарлар аз да, дәмді, пайдалы тағам туралы Кітапқа енгендері — өте көп.

Ілмектер: қызыл кітап, жануар, дәмді, пайдалы, тағам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская
WhatsApp Telegram

Сіздің қанша іс істегеніңіз маңызды емес. Маңыздысы — қаншалықты пайдалы болғандығында.

Ілмектер: маңызды, іс, пайдалы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций
WhatsApp Telegram

Кімде-кім бір нәрсенің пайдалы немесе зиян екенін білмесе, өзінің надандығын көрсетеді.

Ілмектер: надан, надандық, зиян, пайдалы Ибн Нужайм
WhatsApp Telegram

Достарыңызбен қарым-қатынаста болған - күшті, ал дұшпандарыңызбен араласу – пайдалы.

Ілмектер: дос, қарым-қатынас, дұшпан, пайдалы Михаил Литвак
WhatsApp Telegram

Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.

Ілмектер: математика, ғылым, пайдалы Роджер Бэкон
WhatsApp Telegram

Өмір бір-ақ рет беріледі. Сондықтан неге оны пайдалы қылып өткізбеске?

Ілмектер: өмір, пайдалы Джек Лондон
WhatsApp Telegram