Корейская косметика премиум класса

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Мақал-мәтелдер (2) Ұлағатты сөздер (16)

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: олар - надандық, еріншектік, залымдық.

Ілмектер: надандық, еріншектік, залымдық Абай Құнанбайұлы

Паңдық, надандық, тәкапарлық, асқақтық не айтқызбайды.

Ілмектер: надандық, тәкапарлық Ғабит Мүсірепов

Ақымақты мақтасаң – қуанады.

Ілмектер: ақымақ, мақтау, қуану, надандық Саиф Сараи

Наданның әдеті: жолдасынан сәл қала бастаса - сыртынан қанжар сұғуға әзір тұрады.

Ілмектер: надан, надандық, ақымақтық, дос, қанжар Саиф Сараи

Шынайы ғылымда атақ пен дәреже дәлелге жүре алмайды. Ал қателік пен надандық кейде қол ұстасып кетуі мүмкін.

Ілмектер: ғылым, надандық, нақыл, афоризм Олжас Сүлейменов

Тек бір ғана жақсылық бар ол - білім, тек бір ғана жамандық бар ол - надандық.

Ілмектер: білім, надандық, афоризм, нақыл Сократ

Өзгенің пікірін иемденіп кету – надандық һәм ниеті арам адамға лайық іс.

Ілмектер: пікір, надандық, ниет, арам, адам, нақыл, афоризм Әл – Фараби

Надандықтан білім іздеу емес, өзіне сенімділік көбірек туады.

Ілмектер: надандық, ақымақ, сенімділік Чарльз Дарвин

Кімде-кім бір нәрсенің пайдалы немесе зиян екенін білмесе, өзінің надандығын көрсетеді.

Ілмектер: надан, надандық, зиян, пайдалы Ибн Нужайм

Жалған ілім надандықтан да қауіпті.

Ілмектер: ілім, білім, жалған, надан, надандық, қауіпті, қауіп, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бернард Шоу

Кез келген надандықтың ортақ кемшiлiгi — өзiң бiлмейтiннiң бәрiн жоққа шығару.

Ілмектер: надандық, кемшілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Аврелий

Бiлiм алу надандыққа қарсы егiлген дәрi.

Ілмектер: білім, надандық, дәрі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ян Амос Коменский

Надандық дегенiмiз ақылдың түнi: айсыз және жұлдызсыз түн.

Ілмектер: Надандық, ақыл, түн, ай, жұлдыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Цицерон

Сізді көлеңкеге кім айдап апарды? Қараңғыда сізді кім қалдырды? Шындық мынада, біз өзімізді қараңғылықта, надандықтың қараңғы түнегінде өмір сүруге мəжбүр етіп жатамыз.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, көлеңке, қараңғы, шындық, надандық, Адасқан өмір Нарша Булгакбаев

Проблема надандықта және білместікте. Ақиқатын білмей, туралықты табу мүмкін емес.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, проблема, надандық, білместік, ақиқат, тура жолда жүрейік Нарша Булгакбаев

Қараңғылықтың бұғауы мен надандықтың кiсенiнен азат болмаған ел ешуақытта да азаттық ала алмайды. Сондықтан отаршылдықтың халыққа қарсы қолданатын ең үлкен қаруы - қараңғылық пен сол қараңғылық кiндiгiн кескен надандық деп бiлiңiз. Шен мен шекпен қуған бiлiмдi бола ма? Ондай жан өзiнен басқа өзгенiң де қамын жей ала ма? Өзгеге нұры түспейтiн, шапағаты тимейтiн бiлiмнiң керегi бар ма?

Ілмектер: Қараңғылық, надандық, азаттық, ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, білім, шапағат Абай Құнанбайұлы

×