Ақылсыз адамға алтыннан сарай салсаң да, өзін жарлы сезінеді. Ілмектер: Енбек ету, ақылды болу, надандық, білім Бегалы Амина Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Ақылсыз адамға алтыннан сарай салсаң да, өзін жарлы сезінеді.
Мағыналы
Бейбіт өмір сүру үшін күшті және ақылды болу керек! — Абдраманов Арсланбек Бейбіт өмір сүру үшін күшті және ақылды болу керек.
Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға. — Абай Құнанбайұлы бала, еңбек
Күнәдан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар, Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар. Алам десең, алыңдар. Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар, Еркек тоқты құрбандық. Атам десең атыңдар — Қайрат Рысқұлбеков еркек, Қазақ
Ұстаз болу — жүректің батырлығы, Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы Ұстаз болу — мінездің күн шуағы Ұстаз болу — адамның асылдығы. — Ғафу Қайырбеков ұстаз, мұғалім
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті. — Ғабиден Мұстафин тіл, сөз
Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!.. — Қадыр Мырза Әли ана тіл, тіл
Алтын ұяң – Отан қымбат, Құт-берекең атаң қымбат. Аймалайтын анаң қымбат. Мейірімді апаң қымбат. Асқар тауың әкең қымбат. Туып-өскен елің қымбат. Ұят пенен ар қымбат, Өзің сүйген жар қымбат. — Қазыбек Келдібекұлы отан, ұят
Қоғалы көлдер, қом сулар — қойысқа қонған өкінбес, Арыстандай екі бұтын алшайтып арғымақ мінген өкінбес. — Доспамбет Жырау өкіну
Алина
Мағыналы