Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:
"ұят" тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "ұят" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Бойға сіңген балалық — ұят емес, даңқ.
Ілмектер: балалық, ұят, даңқ Жорж Батай
Ұятты жан иттен де ұялады.
Ілмектер: ұят, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Антон Чехов
Парызды түсіну ар-ұят деп айтылады.
Ілмектер: парыз, ар, ұят, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Адамзатқа өмірден ар қымбат, өлімнен де ұят күшті.
Ілмектер: өмір, ар, қымбат, өлім, ұят, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Қазақ «ұят болады» деген осы бір ауыз сөзбен, отбасын, елді, дінді, ділді т.б. барлығын ұстап тұрған. Қазақ ұяты барды «текті», ұяты жоқты «тексіз» деп бағалаған.
Ілмектер: қазақ, ұят, тек, отбасы, ел, дін, діл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Нұрхалық Абдырақын
Өнерден жақсы, білімнен үлкен, ұяттан сұлу нәрсе, қызғаншақтықтан асқан дұшпан жоқ.
Ілмектер: Өнер, білім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ұят, сұлу, дұшпан Сократ
Өзіңізде бар нәрсеге ұялу — ҚАТЕЛІК,
Ілмектер: ұят, ақымақтық, ұялу, афоризм Заманбек Жумабаев
Ал, жоқ нәрсеге ұялу — ол жәй ғана АҚЫМАҚТЫҚ.
Соқыр тәуекелдiң элементтерi, бар iстi негiзсiз тәуекелге байлайтындай көп болмауы тиiс, дегенмен iстi ұялмай қолға алатындай болу үшiн аз да болмауы керек.
Ілмектер: тәуекел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ұят Оскар Уайльд
Жануарлардан адамзат баласының айырмашылығы ар-ожданы мен ұятында жатыр деген пікірді толығынан қостаймын. Ол қысқа, соған қоса мейлінше қуатты әрі ғажайып бейнелі «тиісті» деген сөзбен айқындалады.
Ілмектер: Жануар, ар, ождан, ұят, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Чарльз Дарвин
Ұят пен қорқақтық шын мәнiнде бiр ғана нәрселер… «Ұят» — қорқақтықтың ресми атауы…
Ілмектер: ұят, қорқақтық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Оскар Уайльд
Құдайдан — қорық, пендеден — ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма!
Ілмектер: құдай, қорқу, пенде, ұят, бала, оқу, білім, мал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
Сұраған ұят емес, бiлмеген ұят.
Ілмектер: ұят, сұрау, білмеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мұзафар Әлімбаев
Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап,
Ілмектер: Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап, ой, ғылым, өтірік, өсек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
Бұларды керек қылмас ешкiм қалап.
Терең ой, терең ғылым iздемейдi,
Өтiрiк пен өсектi жүндей сабап.
Бiлмегендiк ұят та, зиян да емес. Ешкiм де бәрiн бiле алмайды, ал бiлмейтiндi бiлемiн деу ұят әрi зиян.
Ілмектер: білмеу, ұят, зиян, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой
Ұятың мақұлдамаған нәрсенiң бәрiнен сақтан.
Ілмектер: ұят, нақыл, афоризм, Ұлағатты сөздер, сақтану Лев Толстой
Ашумен басталған нәрсе ұятпен аяқталады.
Ілмектер: ашу, ұят Лев Толстой
Бір аяқ сусын екі кісінің құны: су табылмаса шөлдеген өледі, ұяттан — тауып бермеген өледі.
Ілмектер: құн, ұят, су Сырым Датұлы
Қонтайдың қалжыңы: «Жазыла-жазыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесе болмас».
Ілмектер: ұят Мұхтар Әуезов
Қызара білу, ұяла білу – адам бойындағы ең тамаша адамгершілік қасиет.
Ілмектер: ұят, адамгершілік, қасиет Чарльз Дарвин
Ұят — адам өміріндегі сенімді жол басшы.
Ілмектер: ұят, адам Лев Толстой
-
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Әл – Фараби
- Төлепбек Жантай
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі