Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (12) Өлеңдер (7) Мақал-мәтелдер (3) Ұлағатты сөздер (12)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"жаза" тақырыбына байланысты Ұлағатты сөздер

"жаза" тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "жаза" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Жұрт алдында жазалап, дарға асу дегеннің негізінде ежелгі ұжымдық өлтіру тəжірибесі жатыр. Нағыз қанішер — сол дар алдында шулаған қалың тобыр.

Ілмектер: жаза, жазалау, дарға асу, ұжым, тәжірибе, тобыр Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Егер біз жазаны қатайта түсер болсақ, қылмыскерді қорқытумен бірге, оның өзінің ерлік жасап жүргендігіне деген сенімін де күшейте түсеміз.

Ілмектер: жаза, қылмыскер, ерлік Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Діни құқ қашан да жазаға негізделеді: ол — бүкіл болмысымен кертартпа.

Ілмектер: дін, жаза, болмыс, кертартпа Эмиль Дюркгейм
WhatsApp Telegram

Жаза, бері салғанда жартылай, кек алу фактісі күйінде қалып отыр.

Ілмектер: жаза, кек, факт Эмиль Дюркгейм
WhatsApp Telegram

Қанды кек (вендетта) — қоғам заңды деп тапқан жаза. Бірақ оны қолдану машақаты — жеке адамдардың өз еркіне қалдырылған.

Ілмектер: Қанды кек, вендетта, қоғам, заң, жаза, машақат Эмиль Дюркгейм
WhatsApp Telegram

Ұрық пен ажал тəн тіршілігінің кеңістіктегі орнын шектейді: ұрық — күнə, ал ажал — жаза рөлін атқарады.

Ілмектер: ұрық, жаза, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ажал Освальд Шпенглер
WhatsApp Telegram

Жаза — қылмыстың алдын алудың әсері ең әлсіз тәсілі.

Ілмектер: жаза, қылмыс, әлсіз, әсер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин
WhatsApp Telegram

Адамға жазаның ең үлкені - жұмыссыз қалдыру.

Ілмектер: адам, жаза, жұмыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дінмұхамед Қонаев
WhatsApp Telegram

Жаман туған бар болса, жақсы жолдас зар болса – жазаны сонда көрерсің.

Ілмектер: жаман, жақсы, жолдас, жаза Шалкиіз Тіленшіұлы
WhatsApp Telegram

Жамандықты жазаламаған адам оның жасалуына жәрдемдеседі.

Ілмектер: жамандық, жаза, жәрдем Леонардо да Винчи
WhatsApp Telegram

Ар жазасы – бар жазадан ауыр жаза.

Ілмектер: Ар, дәйексөз, жаза Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram