Өлең, жыр, ақындар

Нұрхалық Абдырақын

Нұрхалық Абдырақын — 1976 жылы мамырдың 25 дүниеге келген. Филология ғылымдарының PhD докторы. «Иірім» атты романы, «Аңсау» атты әңгімелер жинағы шықты. «Қытай мифтерінің аудармасы», Ваң Бонанның «Даналықтың дәйегі» атты кітаптарын қазақ тілінде сөйлеткен.


Туындылары Нақыл сөздері

Қазақ «ұят болады» деген осы бір ауыз сөзбен, отбасын, елді, дінді, ділді т.б. барлығын ұстап тұрған. Қазақ ұяты барды «текті», ұяты жоқты «тексіз» деп бағалаған.

Ілмектер: қазақ, ұят, тек, отбасы, ел, дін, діл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Нұрхалық Абдырақын

Моральдық құқы жоқ болсада пікір білдіргіштер көп, біткен іске сыншы көп деген осы-ау.

Ілмектер: құқық, пікір, сыншы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Нұрхалық Абдырақын

Адамның тілі өзгерсе басқа тілде шүлдірлейді, ділі өшсе ұлтын жоғалтады, діні өлсе адамдықтан бірақ кетеді.

Ілмектер: тіл, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, діл, дін Нұрхалық Абдырақын

Қазақ әдебиетіндегі «кешегі өткен заманда, дін мұсылман аманда» деп, басталатын эпостық қиса-дастандарды өзгертіп, жыр жолдарында кездесетін «Әулие қоймай қыдырып, етегін шеңгел сыдырып, жеті пірге танысқан, Әулиеге ат қойып, қорасанға қой айтып, қабыл болған тілегі, жарылғандай тілегі», «Жәрдем болсын Құдайым, медет тілеп пірлерден, Жаратқаннан сұрайын, Ғайып ерен, қырық шілтен адасса жолға салып жүр, сыртынан қорғап бағып жүр, Жаратқан Ием қолдасын, Қыдыр болсын жолдасың» деген жерлерді түгелімен алып тастау арқылы қазақтықты іздеді.

Ілмектер: Қазақ әдебиеті, дін, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Нұрхалық Абдырақын

Намазды шын ықыласпен дұрыс оқи алсаңыз, екі дүниеде сізден бақытты адам жоқ. Барлық ісіңіз оңға басады.

Ілмектер: намаз, іс, ықылас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Нұрхалық Абдырақын

Басшы болу деген мамық креслоға жайғасу, байлыққа белшеден бату емес, керісінше ел жүгін, халық аманатын, ұлт тағдырын мойнына алу деген сөз, оның ертең сұрағы болары хақ.

Ілмектер: басшы, бастық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, байлық, ел, халық, аманат, ұлт, тағдыр Нұрхалық Абдырақын

Бақыт әр адамның қызыққан ісінде. Мұғалімнің бақыты студенттің алдында, ананың бақыты баласының алдында, диқанның бақыты тамшылаған терінде. Демек, әр адамның бақыты әр түрлі. Сол сияқты әр ұлттың да бақыты әр түрлі болады.

Ілмектер: бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ана, бала, мұғалім, студент, диқан, тер, ұлт Нұрхалық Абдырақын

Дипломы бар студент қаладан ауылға келді, дипломы жоқ қыр баласы ауылдан қалаға келді. Не өзгерді?

Ілмектер: диплом, ауыл, студент, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Нұрхалық Абдырақын

Құранның даусы шықса, ажалы келіп қалғандай, бастарына жабатын бірдеңе іздеп абыр-сабыр күй кешетін адамдар әлі бар ортамызда. Құран-Кәрім тірілерге ғана түскен деп, әруақтарға Құран оқыған дұрыс емес дейтіндер де бар. Шын мәнінде, Құран өлі тірінің рухани азығы.

Ілмектер: Құран, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, рух, азық Нұрхалық Абдырақын

Сөздің жаны бар, әр сөзі аузға Алла салады. Баршамыз сөзің қадірін түсінуді жазсын.

Ілмектер: сөз, қадір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Нұрхалық Абдырақын

Адам шыр етіп өмір базарына келеді. Адамның бәрі тал бесіктен табытқа дейін базардағы саудагер іспетті. Біз кез-келген жұмыс жасасақ соның ақысын дәметеміз. Барлық ісімізден қайтым күтеміз, бұл адам табиғаты. Бүгінгі таңда амандасудың өзін де есеппен жасайтын болдық, міне нағыз сауда алаңы. Осылай өмір базарында бәріміз сауда жасап жүреміз.

Ілмектер: саудагер, өмір, бесік, базар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, адам Нұрхалық Абдырақын

Адам адамнан мына үш нәрсе арқылы озады. Әуелде адамға Алла Тағала сыйлаған туа біткен дарын, талант, ерекше қасиет. Екінші орта тәрбиесі, отбасы (әке-шеше, телевизор, интернет) балабақша, мектеп (достары, мүғалім) қоғам тәрбиесі. Үшінші адамның субъектив жеке тырысшаңдығы, кітап құмарлығы, ізденімпаздығы.

Ілмектер: дарын, талант, қасиет, отбасы, кітап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Нұрхалық Абдырақын

Адам өзін қашан артық жақсы көре бастайды, сол кезде бұзыла бастайды.

Ілмектер: адам, жақсы көру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Нұрхалық Абдырақын

Қарап көріңіз