Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (17) Жоспарлар (66) Ұлағатты сөздер (3)

"қазақ әдебиеті" Ұлағатты сөздер

Бұл бөлімде "қазақ әдебиеті" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

… А. Байтұрсынұлының өлеңдері өзінің сыртқы қарапайымдылығы, ішкі мазмұны, жеңілдігі және біркелкілігі жағынан қазақ әдебиетінде бірінші орын алады… А. Байтұрсынұлының арқасында санасыз түрде болмаса да шын мәнінде орыстана және татарлана бастаған қазақ зиялыларының бір тобы дереу есін жиып, … өз ағаттықтарын түсіне бастады…

Ілмектер: Ахмет Байтұрсынұлы, қазақ әдебиеті, өлең, қазақ зиялылары Міржақып Дулатұлы
WhatsApp Telegram

Біз бүгін Ахаңның «Әдебиет танытқышын» Аристотельдің «Поэтикасымен» салыстырар едік. Мұның мәнісі – екеуі де: бірі – грек әдебиетінің, екіншісі – қазақ әдебиетінің әліпбилері.

Ілмектер: қазақ әдебиеті, әліпби, білім, оқу, Ахмет Байтұрсынұлы, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Зейнолла Қабдолов
WhatsApp Telegram

Қазақ әдебиетіндегі «кешегі өткен заманда, дін мұсылман аманда» деп, басталатын эпостық қиса-дастандарды өзгертіп, жыр жолдарында кездесетін «Әулие қоймай қыдырып, етегін шеңгел сыдырып, жеті пірге танысқан, Әулиеге ат қойып, қорасанға қой айтып, қабыл болған тілегі, жарылғандай тілегі», «Жәрдем болсын Құдайым, медет тілеп пірлерден, Жаратқаннан сұрайын, Ғайып ерен, қырық шілтен адасса жолға салып жүр, сыртынан қорғап бағып жүр, Жаратқан Ием қолдасын, Қыдыр болсын жолдасың» деген жерлерді түгелімен алып тастау арқылы қазақтықты іздеді.

Ілмектер: Қазақ әдебиеті, дін, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Нұрхалық Абдырақын
WhatsApp Telegram