Мархабат Байғұт нақыл сөздері мен қысқаша мәліметтері осы бетте берілген.
Мархабат Байғұт дәйексөздері мен ойларын осы жерден оқуға болады.
Мемлекеттік тілдің мерейін биіктетпекке сөз жүзінде емес, іс жүзінде қажыр-қайрат жұмсайық.
Ілмектер: Мемлекеттік тіл, тіл, қайрат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мархабат Байғұт
Мақал – дегеніміз халықтың тұрмыс-тіршілігінен, дәстүр-салтынан, күллі тәжірибесінен қайнап, қорытылып шығатын қағидалар.
Ілмектер: мақал, халық, тұрмыс-тіршілік, дәстүр, салт, тәжірибе, қағида, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мархабат Байғұт
Көре алмаушылық деген бәле іштарлықтан шығады. Осы кесапатты дерт, кесірлі сырқат меңдеп кеткен секілді. Мұның себебі өте көп және тым тереңде. Өлшем өзгерді, ақылды ақша билеп алды, өзімшілдік пен өркөкіректік асқынды, тағысын тағылар. Әр адам өз ішіне өзі үңіле білмегі, іштарлығын құштарлыққа жеңдірмегі ләзім. Ол үшін ең алдымен ұлттық көркем әдебиет жауһарларына қайта оралу керек. Орала аламыз ба? Гәп пен кеп осында.
Ілмектер: көре алмаушылық, іштарлық, дерт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мархабат Байғұт
Кітап оқу туралы ойланбасқа болмас. Кітап оқу жайын айта бастасаңыз, біреу таңырқар, екеу табалар. Алайда, қазір кітап әлеміне қайта оралу, бетбұрыс пен ұмтылыс жасау мәселесі бізде ғана емес, бірталай елдерде парасатты түрде пайымдалуда.
Ілмектер: кітап, ел, парасат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мархабат Байғұт
Кісілік келбет адамгершілікке, имандылыққа, парасаттылыққа, іскерлік пен ізденімпаздыққа, білім-білікке саяды ғой, ал, болмыс – бүкіл жаратылысыңыз, бітім-бейнеңіз.
Ілмектер: адамгершілік, имандылық, парасаттылық, іскерлік, ізденімпаздық, білім, білік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мархабат Байғұт
Жиырма жыл уақыт бұрын жас қазақты Желтоқсан көтерілісіне алып шыққан кім еді, не еді дейміз. Желтоқсанның ең басты бастаушысы –– тіл. Біздің туған тіліміз, түркі текті қазақ тілі! Желтоқсан дүмпуінің күллі психологиялық және философиялық табиғатына үңілсеңіз, оның арқауы ана тіліміз болғанын аңғарасыз. Қысқы шілдеде, қарлы боранда қытымыр-қарау хабарды құлағы шала сала-ақ жас қазақ ең алдымен ана тілінің тағдырын ойлады. Желтоқсан жас санада сұрапыл сілкініс тудырып, ұлтқа деген ұмтылыс, тілге деген құлшыныс қоздатқан.
Ілмектер: тіл, желтоқсан, қазақ тілі, ана тілі, ұлт, сана, қазақ, желтоқсан оқиғасы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мархабат Байғұт
«Жастардың өмір сүру үрдісіне тегеурінді рухани мағына беру» арқылы бетбұрыс жасамасақ, бәрі бекер дегім келеді. Өз басым осы «тегеурінді рухани мағына беру» жағындамын. Жастарды, балаларды кітаптар мен газет – журналдар оқуға баулу барысындағы жұмыстар отбасы мен мектептен бастап тегеурінді түрде, пәрменді әрекеттермен, мықтап қолға алынуы керек.
Ілмектер: Жастар, кітап, отбасы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мархабат Байғұт
Жазушылық – кәсіп емес, өзгеше өнер.
Ілмектер: Жазушы, кәсіп, өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мархабат Байғұт
Жазушы да пенде , ол да ет пен сүйектен жаралған.
Ілмектер: жазушы, пенде, ет, сүйек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мархабат Байғұт
Елулікке ену стратегиясы –– серпінділік стратегиясы, секіріс стратегиясы.
Ілмектер: стратегия, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мархабат Байғұт
Елу елдің қатарына ұмтылған жас мемлекетіміздің бүгінгі, ертеңгі ұрпағы халқының тегін, тарихын жан-жақты жетік білгенде ғана өз Отанының нағыз патриоты бола алады.
Ілмектер: мемлекет, ел, ұрпақ, халық, тарих, отан, патриот, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мархабат Байғұт
«Бір ел – бір кітап» акциясы үшін биыл Абайдың қара сөздері таңдалды. Бұл – ғажайып таңдау. Абай әлемі – мәңгілік рух қайнары. Әр қазақ Абайдың сөзін оқу керек.
Ілмектер: кітап, Абай, қара сөздер, Мәңгілік рух, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мархабат Байғұт
Біздікі - әдебиет дейтін ұлы мұхитқа кішкене ғана бұлақ боп қосылсақ деген мақсат.
Ілмектер: мақсат, әдебиет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мархабат Байғұт
Біз Ордабасыға оралдық. Ойланып барып, кешегі һәм бүгінгі, әсіресе ертеңгі халкүйімізді таразылап барып оралғандаймыз . Ләйім, баянды болғай да. Төле, Қазыбек, Әйтеке билерді еске алу күндері - алаштың айтулы тойы, күллі қазақ жерінде бұған дейін өткен той-мерекелер Ордабасыға келер жол болғандай, бұдан кейін өтетін мереке-тойлар осы Ордабасының жалғасына айналар.
Ілмектер: Ордабасы, той, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мархабат Байғұт
«Бастық» деген сөз «бас тығып» алып, шірену, ішіп-жеу емес, «бас тігуден» шыққан, халық үшін, ұлт үшін, тіл үшін бас тігу дегенді білдіреді. Өз басым, әсіресе, тіл мен ақпарат саласындағылар биліктемін, бастықпын деп шіренбей, өздерін тілдің, халықтың, ұлттың қызметшісі деп сезінуге парыздар деп санаймын.
Ілмектер: бастық, тіл, халық, ұлт, қызмет, парыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мархабат Байғұт
Бай – баймын деп зорланса, кедей – кедеймін деп қорсынса, ол қоғам - әділетсіз.
Ілмектер: бай, кедей, қоғам, әділет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мархабат Байғұт
Ақша - құдай дүниежүзілік нарықты билеп тұр. Өлшем өзгерген. Қанағат, Абай данышпан айтқан қанағат, қандай күйде қазір? Бұл туралы ойлануға мұрша жоқ сияқты.
Ілмектер: ақша, нарық, қанағат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Мархабат Байғұт Мархабат Байғұт
«Ақ желкеннің» оқырмандары кітап дейтін киелі әлемді ең бірінші орынға қоя білсе дер едім.
Ілмектер: оқырман, кітап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мархабат Байғұт
Арманым – «балаларды баурап, жастарды «жаулап» аларлықтай кітаптар шығару.
Ілмектер: арман, бала, жастар, кітап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мархабат Байғұт
Алла тағаладан мейірім мол ғой, адамдардың да пейілі кең болғай да.
Ілмектер: Алла, мейірім, адам, пейіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мархабат Байғұт
Адам – Алланың сүйікті құлы. Адамдарды жақсы көрмегіміз ләзім. Өз басым адамдарды жақсы көремін, кез келген адам туралы жаман ойлап, жаман сөз айта бермейтін секілдімін. Адамдардың бір біріне де, өзгелерге де мүмкіндігінше түсіністікпен қарағаны абзал. Шүкіршілік, шығармашылығымыздың негізгі арқауы – адал адамдар туралы, адалдыққа тәрбиелеу хақында. Тіпті, тікелей «Адал адам» деген дүнием де бар.
Ілмектер: адал, адам, адалдық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мархабат Байғұт
- Мархабат Байғұт
- Мархабат Байғұт
- Мархабат Байғұт
- Мархабат Байғұт
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі