Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:
"ұрпақ" тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "ұрпақ" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Ұрпақ тәрбиесі елу пайыз сенің мойныңда. Ұлың өзіңнен озатын болсын. Қызың саған қарап серігін тауып, бақытты болсын.
Ілмектер: тәрбие, бақыт, ұл, қыз, ұрпақ Бауыржан Момышұлы
Думанды мынау өмірден сыбағаңды ала біл,
Ілмектер: думан, өмір, сыбаға, ұрпақ, із Абдолла Жұмағалиев
Ал келешек ұрпаққа келгенің жайлы, із қалдырып!
Бірнеше ұрпақ жасаған істі бір ұрпақ күл-талқан етуі мүмкін емес.
Ілмектер: ұрпақ Эмиль Дюркгейм
Ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, мәдениетімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін — әдебиет, өнер, адамдары.
Ілмектер: салт-дәстүр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ұлт, ұрпақ, әдебиет, өнер, адам, мәдениет Ханбибі Есенқарақызы
Өкшелес буын, ойыныңа, ойыңа қараймын...Өзім ұшып кете алмаған биікті сендерге тілеймін. Өзің аспанда, ойың төменде жүргенше өзің төменде, ойың аспанда жүрсін, жаным! Әке ызғары оларға қазір керек-ақ...
Ілмектер: әке, буын, ұрпақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов
Азияның аязына, Африканың ыстығына шыдар ұрпақ керек...
Ілмектер: аяз, ұрпақ, ыстық, шыдамдылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов
Хас батыр ұрпағы бардың өлсе де арманы жоқ.
Ілмектер: батыр, ұрпақ, арман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ,
Ілмектер: ұрпақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, бақыт Қасым Аманжолов
Қараймын елесіңе мен таңырқап.
Мемлекеттiк қайраткерлердiң саясатшыдан айырмасы: саясатшы — келесi сайлаудың, мемлекеттiк қайраткер болашақ ұрпақтың қамын жейдi.
Ілмектер: қайраткер, саясат, сайлау, мемлекет, болашақ, ұрпақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уинстон Черчилль
Кітап дегеніміз алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа арнап қалдырған рухани өсиеті, қаусаған қарттың өмір есігін жаңа ашқан жасқа өлер алдында айтқан ақылы, тынығуға кеткен сақшының өз орнына келген сақшыға берген бұйрығы болып табылады.
Ілмектер: кітап, ұрпақ, рухани өсиет Александр Герцен
Кітап — заманалар толқынында тербеліп, үстіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі.
Ілмектер: ой, кітап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қазына, ұрпақ Фрэнсис Бэкон
Қоғам неғұрлым танылған сайын, тек өзінің болашағына жақсы ықпал ететін дәстүрлерді ғана сақтап, оларды ұрпақтан-ұрпаққа берудегі жауапкершілігін соғұрлым танитын болады. Мектеп - осы мақсатқа жетудегі бірден-бір басты құрал».
Ілмектер: қоғам, болашақ, дәстүр, ұрпақ, мектеп, мақсат, нақыл, афоризм Джон Дьюи
Көзі қысық, тісі қисық жаудан гөрі, көзі шегір, өзі жемір жаудан ұрпағым көп қорлық көретін болады
Ілмектер: жау, ұрпақ Майқы би
Ақыр соңында, шешімді бәрібір ересектер қабылдайды, жастар емес. Алайда сол жастар ертеңгі күні ересекке айналып, оларға да шешім шығаратын күн туады да, олар әлгі шешімдерге назар аударады. Міне сол кезде олар алдыңғы ересек ұрпақты дұрыс шешім қабылдағаны үшін мақтан тұтатындай болуы тиіс.
Ілмектер: шешім, жастар, ересек, болашақ, ұрпақ, мақтану Ли Куан Ю
Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына…
Ілмектер: ана тілі, тіл, қазына, ұрпақ Жүсіпбек Аймауытов
- Бернард Шоу
- Марк Твен
-
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі