Өлең, жыр, ақындар

Фрэнсис Бэкон

Фрэнсис Бэкон (1561-1626) - ғылыми зерттеудің тәжірибеге сүйенген методологиясын ұсынған. Эмпиристік бағыттың негізін салушы, саяси қайраткер. Ұлыбритания лорд-канцлері, корольдан кейінгі екінші тұлғасы. «Білім - күш» деген қанатты сөз айтқан.


Нақыл сөздері

Адамның ақыл-ойы тойымсыз. Ол тоқтай да, тыныштықта тұра да алмайды, ол үнемi алға ұмтылыста болады.

Ілмектер: адам, ақыл, ой, тыныштық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фрэнсис Бэкон

Бiз тарихтан кемеңгерлiктi, поэзиядан — шешендiктi, математикадан — зеректiктi, жаратылыс ғылымдарынан — тереңдiктi, адамгершiлiк философиясынан — байыптылықты, логика мен көсемсөзден — айтысу дағдысын үйренемiз.

Ілмектер: тарих, кемеңгерлік, поэзия, шешендік, математика, зеректік, ғылым, терең, адамгершілік, логика, айтысу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фрэнсис Бэкон

Томаға тұйықтықтың үш түрi бар. Бiрiншiсiнде адам өзiнiң кiм екенiн бiлдiртпей, ұстамдылық пен үнсiздiк сақтайды; екiншiсiнде ол белгiлер мен шаралардың көмегiмен өзi туралы жалған түсiнiк беретiн жалтарушылықты ұсынады; үшiншiсi екi жүздiлiк, ол өзiнiң кiм екенiн бiлдiрмеуге тырысып, әдейi жасанды қылық жасайды.

Ілмектер: ұстамдылық, үнсіздік, екіжүзділік, қылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фрэнсис Бэкон

.... Адам лайықты бола түскен сайын ол жұрттың көп бөлігінің өзіне аяугершілікпен қарайтынын сезіне түседі.

Ілмектер: Адамның қасиеттері, сезім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фрэнсис Бэкон

Жоғары лауазым адамды үш нәрсенiң: мемлекеттiң немесе тақсырдың, жұрт сөзiнiң және өз iсiнiң құлы етедi; ол ендi өзiне де, өзiнiң қылықтарына да, өз уақытына да ие бола алмайды.

Ілмектер: лауазым, мемлекет, құл, уақыт, қылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фрэнсис Бэкон

Айлалылар бiлiмді жек көредi, ақкөңiлдер оған таңырқайды, ақылдылар оны пайдаланады.

Ілмектер: айла, білім, ақкөңіл, ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фрэнсис Бэкон

Көптеген дана адамдар сөзге сараң болғанмен, жүзi жарқын.

Ілмектер: дана, адам, сараң, сөз, жарқын, жүз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фрэнсис Бэкон

Кітап — заманалар толқынында тербеліп, үстіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі.

Ілмектер: ой, кітап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қазына, ұрпақ Фрэнсис Бэкон

Кітап оқу адамды білімді, әңгімелесу – тапқыр, ал жазып алу әдеті – дәлшіл етеді.

Ілмектер: кітап, оқу, әңгімелесу Фрэнсис Бэкон

Өркөкіректікте басқа кемшіліктердің жақсы қасиеті жоқ - ол жасырын бола алмайды.

Ілмектер: өркөкірек, кемшілік, нақыл сөздер Фрэнсис Бэкон

Білім мен құдіреттілік — екеуі бір нәрсе.

Ілмектер: білім, құдірет Фрэнсис Бэкон

Тамақты тарта жесең санаңды ашар,
Көп жесең ұйқы басар.

Ілмектер: тамақ, ұйқы, сана Фрэнсис Бэкон

Мен ешқашан кәрі адам болмаймын. Мен үшін кәрілік әрдайым менен 15 жасқа үлкен.

Ілмектер: кәрі, адам, жас Фрэнсис Бэкон

Уақыт төрт затта жақсы білінеді: ескі ағаш жаңғанға жақсы, ескі вино ішкенге жақсы, ескі дос сенгенге жақсы, ескі автор оқығанға жақсы.

Ілмектер: уақыт, дос, ағаш, ескі Фрэнсис Бэкон

Өз жауыңды кешіргеннен артық атақ жоқ.

Ілмектер: жау, атақ, кешіру Фрэнсис Бэкон

Қарап көріңіз