Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (4) Ұлағатты сөздер (7)

"қылық" туралы Ұлағатты сөздер

"қылық" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "қылық" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Әдемі сөйлейтіндердің көбі, әдепсіз қылықтарға барады.

Ілмектер: әдеп, қылық, сөйлеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Демокрит
WhatsApp Telegram

Егер қолыңнан келсе қайда да болса халқың үшiн жақсылық қыл. Сөзiң де, қылығың да жақсы болсын.

Ілмектер: халық, жақсылық, сөз, қылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Томаға тұйықтықтың үш түрi бар. Бiрiншiсiнде адам өзiнiң кiм екенiн бiлдiртпей, ұстамдылық пен үнсiздiк сақтайды; екiншiсiнде ол белгiлер мен шаралардың көмегiмен өзi туралы жалған түсiнiк беретiн жалтарушылықты ұсынады; үшiншiсi екi жүздiлiк, ол өзiнiң кiм екенiн бiлдiрмеуге тырысып, әдейi жасанды қылық жасайды.

Ілмектер: ұстамдылық, үнсіздік, екіжүзділік, қылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фрэнсис Бэкон
WhatsApp Telegram

Жоғары лауазым адамды үш нәрсенiң: мемлекеттiң немесе тақсырдың, жұрт сөзiнiң және өз iсiнiң құлы етедi; ол ендi өзiне де, өзiнiң қылықтарына да, өз уақытына да ие бола алмайды.

Ілмектер: лауазым, мемлекет, құл, уақыт, қылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фрэнсис Бэкон
WhatsApp Telegram

Бір қылығың жағып күнде жақсы болмайсың.

Ілмектер: қылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Абай Құнанбайұлы Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Күнделікті өмірде кей-кейде біздің жақсы қасиетімізден гөрі жағымсыз қылығымыз тартымдырақ көрінеді.

Ілмектер: қылық, нақыл, афоризм Франсуа де Ларошфуко
WhatsApp Telegram

Білгеніңнің жақсысын қыл, білмегенін біле бер...

Ілмектер: білу, жақсы, қылық Шәкәрім Құдайбердіұлы
WhatsApp Telegram