Өлең, жыр, ақындар

Ханбибі Есенқарақызы

Ханбибі Есенқарақызы (30.6.1949 жылы туған, Сарыағаш ауданы) – журналист, ақын. Еңбек жолын ұстаздық қызметтен бастады.

Шымкент педагогикалық институтының филология факультетін 1972 жылы сырттай тамамдаған. Институтта оқып жүріп Макаренко атындағы мектепте мұғалім, 1968-72 жылдары Сарыағаш аудандық «Қызыл ту», «Красное знамя» газеттерінде әдеби қызметкер, 1973-80 жылдары облыстық халық шығармашылығы орталығында бас маман болып қызмет атқарған. 1987 жылы облыстық «Қайырымдылық және денсаулық қорын», 1989 жылы облыстық «Қазақ тілі» қоғамын басқарған. Бұл салада ол мемлекеттік тілдің кең ауқымда өмірге енуіне ат салысып, «Тіл туралы» заңның жобасын жасауға қатысады.

2003 жылдан облыстық саяси қуғынсүргін құрбандары мұражайының директоры. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі.

11 кітаптың авторы. Өлеңдері орыс, украин, өзбек, якут тілдеріне аударылды. Әнге айналған «Алтынай», «Нүрикамал», «Қадиша», «Дос іздедім», «Көңілгүл», «Махаббатөмірлері» халық арасына кеңінен таралды.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің және облыстық мәслихатының, Ақмола облысы, Астана, Шымкент қалалық әкімдерінің алғыс хатына ие болды. М.Әуезов бейнесі бар ЮНЕСКО, «Астана қаласына 10 жыл», Түркістанның 1500 жылдығына, Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған және Гумилев атындағы Еуразия университеті медальдарымен марапатталған. Сарыағаш ауданының Құрметті азаматы. «Парасат» орденімен (2008) марапатталды. «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қызметкер» атағына ие болды.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, мәдениетімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін — әдебиет, өнер, адамдары.

Ілмектер: салт-дәстүр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ұлт, ұрпақ, әдебиет, өнер, адам, мәдениет Ханбибі Есенқарақызы

Мәдениеті жоқ ел — әскері жоқ патшамен тең. Мәдениеті жоқ елдің қазынасы азайып, қайыршысы көбейері менсіз де мәлім.

Ілмектер: мәдениет, қазына, қайыршы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Мен біздің қазақ халқын — Ұлы халық деймін. Ұлылық адам санының көптігі үшін берілмесе керек. Оның қажыр-қайратына, төзімділігіне, ілім-біліміне тән болуға тиіс. Қазақ қазақ болғалы қаншалық қанқұйлы соғысты, қуғын-сүргінді, ашаршылықты басынан кешірді. Өспесе өшкен жоқ. Сүрінсе де жығылған жоқ. Талай-талай зілмауыр табандарда тапталса да, өлдім деген жоқ.

Ілмектер: халық, қазақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қайрат, төзімділік, соғыс, ашаршылық Ханбибі Есенқарақызы

Көңіл тазалығы мен адалдық — нағыз мәдениетті жанға тән қасиет.

Ілмектер: Көңіл, тазалық, адалдық, мәдениет, қасиет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Талант деп өнері мен ақылын қоса іске асыра алатындарды айтамыз.

Ілмектер: Талант, өнер, ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Өлең көңіл-күйден туады. Көңіл-күйің шарықтап, не төмендеген кезде, дәл сондай жыр келеді дүниеге. Жақсы өлең жазсам — жадыраймын.

Ілмектер: Өлең, көңіл-күй, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Ақынның жазушыдан айырмашылығы сол, ол шабыты келген сәтте төгіп-төгіп жазады да, прозашылар сияқты ұзақ сарылып отырмайды.

Ілмектер: проза, ақын, жазушы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Ақындық — адамның бойына табиғат сыйлаған қасиет. Ақындық — менің туа біткен талантым деп ойлаймын.

Ілмектер: Ақындық, қасиет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Әйел қызметкер де, қайраткер де болуға міндетті шығар. Алайда, ең алдымен ана болуы тиіс.

Ілмектер: әйел, ана, қызметкер, қайраткер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Әйел — қашан да нәзіктік пен әдемілік символы ғой. Олар қазақ әйеліне тән иба мен нәзіктікті жоғалтпаса екен.

Ілмектер: Әйел, нәзіктік, әдемілік, символ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Халық барда поэзия жасай береді. Ақындар — халықтың барометрі. Поэзия халық үшін жазылады. Ал, халық оқымаса, ол — поэзия — жетім поэзия.

Ілмектер: Халық, поэзия, ақын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Өмір — күрес. Мен сол өмірдегі «майданның белгісіз сардарымын, жеңуге де, жеңілуге де дайынмын». Адамзат сезім патшалығын сол қалпында сақтап қалу үшін күреседі. Мен туралы «күрес үшін жаралған жан» дегенді жиі естимін.

Ілмектер: Өмір, күрес, сезім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Қазақта жалғыз шаңырақ бар, ол — Қазақстан! Оңтүстік — өз үйіміз.

Ілмектер: Қазақстан, шаңырақ, үй, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Өнер — киелі нәрсе. Оның құлы болған кісі ешкімге бағынбайды.

Ілмектер: Өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Ақындық — Алла тағаланың тартқан сыйы, табиғаттың берген ерекшелігі.

Ілмектер: Ақындық, сый, табиғат, ерекшелік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Қаламгерлер мен өнер адамдары — халық айнасы.

Ілмектер: Қаламгер, өнер, халық, айна, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Ақын адамдардың шаттығы — өлеңі.

Ілмектер: ақын, адам, шаттық, өлең, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Атақ та, награда да талантыңа талант қоспайды.

Ілмектер: атақ, награда, талант, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Ақындық қасиет — бір Алладан. Оны дамыту-дамытпау адамына байланысты. Шын ақын бойына дарыған қасиетін халқына қайтып беруге міндетті.

Ілмектер: Ақындық, қасиет, ақын, афоризм, қанатты сөздер, халық Ханбибі Есенқарақызы

Ақын-жазушылардың рухы жығылуы — халықтың рухының жығылуы.

Ілмектер: Ақын, жазушы, рух, халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Қарап көріңіз