Атақ та, награда да талантыңа талант қоспайды. Ілмектер: атақ, награда, талант, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Атақ та, награда да талантыңа талант қоспайды.
Адамды бұзатын не? Тағы сол атақ, ақша, арақ. Осы үшеуі. Төртіншісі әйел демеймін. Алғашқы үшеуінің буына бөртіп, әйелдерді біз - еркектер бұзамыз. Қартайғанда адам соқа басы сорайып жалғыз қалады. Өйткені қыз күйеуге кетеді, ұлды келін әкетеді. Сонда сенен атақ, ақша, абырой, бала - бәрі безгенде, қыңқ етпестен қалқайып қасыңда қалатын бүкіш кемпірің ғана болады. Адам боп сүрген аз дәуреніңді - елу жас па, жүз бе, бәрі бір оны - аяқтап, мәңгі келмеске бірге аттанар сенімді серігің де сол! Сол жалғыз серігіңе өмірде адал болмағаның өзіңе ауыр, одан айырылып, жалғыз қалғаның одан да қиын! Мұны еркектер ойлауы керек! — Бауыржан Момышұлы адам, ақша
Арсыз болмай атақ жоқ, Алдамшы болмай бақ қайда. — Абай Құнанбайұлы ар, атақ
Адам болсаң, болғайсың адал жанды, Жауыздықтан аулақ бол, сүй адамды. Жақсылықты жақсылық табар іздеп, Жамандықпен жақсы атақ кім шығарды? — Низами атақ, жаман
Дүние-мал шашылмай, «мырза» деген атақ жоқ. — Қорқыт ата дүние, мал
Атағы шыққан жақсыға, Ақылды байлап қылма құл. — Шәкәрім Құдайбердіұлы атақ, ақыл
Еңбек бізге атақ, даңқ әперетін ерлік мағынасын тапты. — Ғабит Мүсірепов еңбек, атақ
Ақымақтық пен атаққұмарлық – айырылмас достар. — Пьер де Бомарше ақымақ, ақымақтық
Ең құдіретті құштарлық – атаққұмарлық. Мені осы құштарлықтан құтқарар болса, қалғандарынан мен өзім-ақ құтыламын. — Ричард Шеридан мақтаншақтық, атаққұмарлық
Хабарлама
INFO
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі