Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (1) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (13) Ұлағатты сөздер (19)

Мақтаншақтық — Ұлағатты сөздер жинағы

Бұл бөлімде "мақтаншақтық" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

«Жақсылықты жасырмай жаса, бірақ мақтанбай жаса.»

Ілмектер: Жақсылық, мақтаншақтық Тлеуғабыл Шырайлым
WhatsApp Telegram

Мақтан күйлеп, арамнан мал жиғанның орны тозақ болады.

Ілмектер: мақтаншақтық, арам, мал, тозақ, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Шәкәрім Құдайбердіұлы
WhatsApp Telegram

Мақтан сүйгіштікке қарсы қолданылатын бірден-бір құрал — қара қылды қақ жарар әділдік, ерлікті өте сезімталдықпен айыра біліп, тауып, көре білушілік.

Ілмектер: әділдік, мақтаншақтық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Адамдар біздің кісіліктерімізге сенсін дейсіз бе? Ендеше, оларды айтып мақтанбаңыз.

Ілмектер: кісілік, мақтаншақтық Блез Паскаль
WhatsApp Telegram

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.

Ілмектер: ғылым, мақтаншақтық, нақыл, афоризм Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Өркөкіректік мақтаннан бас тартқанның өзінде ештеңе жоғалтпай, ұпайын түгендеп отырады.

Ілмектер: өркөкірек, мақтаншақтық, нақыл сөздер, ұлағатты сөздер Франсуа де Ларошфуко
WhatsApp Telegram

Алтын жалатқан қару сияқты, мақтаншақтардың да іші тысына сәйкес келмейді.

Ілмектер: алтын, мақтаншақтық Пифагор
WhatsApp Telegram

Мақтан қума, бірақ бар күшіңмен мақтауға лайық әрекет жасауға тырыс.

Ілмектер: мақтаншақтық Ян Амос Коменский
WhatsApp Telegram

Шынайы мақтаныш өте ұяң да, адамдардың айыптауынан қорқады.

Ілмектер: мақтаныш, мақтаншақтық, ұят Николай Шелгунов
WhatsApp Telegram

Өзіне-өзі масаттану мен өзін-өзі дәріптеу – бақытсыздық, ол қасиеттер адамды ақымақ жасайды.

Ілмектер: мақтаншақтық, масаттану Карл Либкнехт
WhatsApp Telegram

Ең құдіретті құштарлық – атаққұмарлық. Мені осы құштарлықтан құтқарар болса, қалғандарынан мен өзім-ақ құтыламын.

Ілмектер: мақтаншақтық, атаққұмарлық Ричард Шеридан
WhatsApp Telegram

Ақымақтық пен атаққұмарлық – айырылмас достар.

Ілмектер: ақымақ, ақымақтық, атаққұмарлық, мақтаншақтық, дос Пьер де Бомарше
WhatsApp Telegram

Мақтаныш жете ойланбаудан әрі өзін өзі білмеуден болады.

Ілмектер: мақтаныш, мақтаншақтық Джозеф Аддисон
WhatsApp Telegram

Жалқаулық, көрсеқызар, ашу, мақтан,
Арамдық, өтіріктен - ерте сақтан.
Күні бұрын жуытпа маңайыңа,
Есер, есірік, ынжықтық - солар жақтан.

Ілмектер: жалқаулық, мінез, ашу, мақтаншақтық, көрсеқызар, арам, өтірік, мінез-құлық Шәкәрім Құдайбердіұлы
WhatsApp Telegram

Нәпсі, өзімшілдік пен мақтан шексіз көп жаман әдеттер туғызады.

Ілмектер: нәпсі, өзімшілдік, мақтаншақтық, әдет, жаман Шәкәрім Құдайбердіұлы
WhatsApp Telegram

Өзін өзі мақтау адамды кемітеді.

Ілмектер: мақтаншақтық Мигель де Сервантес
WhatsApp Telegram

Мақтаныш барлық адамға тән: айырмасы мұны олардың қай жерде және қашан көрсетуінде ғана.

Ілмектер: мақтаншақтық, адам Франсуа де Ларошфуко
WhatsApp Telegram

Барлық мақтаншақтардың басына туар күн: ерте ме, кеш пе, әйтеуір сөзсіз арандайды.

Ілмектер: мақтаншақтық Уильям Шекспир
WhatsApp Telegram

Мақтаншақ кісі - менмен кісі,
Менмендік - адамның міні.

Ілмектер: мақтаншақтық, менмендік Жүсіпбек Аймауытов
WhatsApp Telegram