Өлең, жыр, ақындар

Блез Паскаль

Блез Паскаль (фр. Blaise Pascal, Маусымның 19, 1623 жыл—Тамыздың 19, 1662 жыл) - XVII-ғасырда өмір сүрген француз математигі және физигі, пәлсапашы, әдебиетшісі.

Математикалық анализ, ықтималдық теориясының, кескіндік геометрияның негізін салушылардың бірі, гидростатиканың негізгі заңының ауторы.
Паскаль 12 жасынан бастап ғылыммен шұғылданды. Әкесі Этьен математик және астроном болған. Әкесі баласын ғылым үйірмесіне қатыстырған. Сол кезде зерек бала сол кездегі ғалымдармен бірдей ғылым туралы пікірлескен. 16 жасында Паскаль «Қима туралы» еңбегін жазады. Ол газбен сұйықтардың қасиетін көп зертттеп, заңдылығын тағайындаған және атмосфералық қысымның бар екендігін өз тәжірибесімен дәлелдеп берген.Оның атымен қысым бірлігі және информатикада программалау тілі аталған. Ол бағдарламалау тілін 300 жыл бұрын ашқан алғашқы адам болып есептеледі.


Нақыл сөздері

Адамдардың бiрi игiлiктi — билiктен, екiншiлерi — бiлiмге құмарлықтан, ғылымнан, үшiншiлерi — рахаттан iздейдi.

Ілмектер: Блез Паскаль, игілік, билік, білім, құмарлық, рахат, ғылым, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Блез Паскаль

Адам өзiн әшкерелемес үшiн, ақиқатпен күресе бастағаннан өткен бақытсыздық жоқ.

Ілмектер: ақиқат, күрес, бақытсыздық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Блез Паскаль

Адам неғұрлым ақылды, iзгi болса, соғұрлым басқалардан iзгiлiктi көбiрек байқайды.

Ілмектер: адам, ақыл, ізгі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Блез Паскаль

Қарсылық жасайтын нәрсеге ғана сүйенуге болады.

Ілмектер: қарсылық, сүйену, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Блез Паскаль

Адамдар біздің кісіліктерімізге сенсін дейсіз бе? Ендеше, оларды айтып мақтанбаңыз.

Ілмектер: кісілік, мақтаншақтық Блез Паскаль

Адам баласы шындықтан өлердей қорқып, өтірігінің ашылып қалуынан сақтанып жүрсе, бұдан артық бақытсыздық жоқ.

Ілмектер: адам, өтірік, шындық, қорқу, бақытсыздық Блез Паскаль

Адамдардың үш тобы бар: бірінші топ Жаратушысын іздеді және тапты. Бұлар ақылды әрі бақытты адамдар. Екінші топ Жаратушысын іздеп жүр , бірақ тапқан жоқ. Бұлар ақылды, бірақ әлі бақытсыз адамдар. Үшінші топ Жаратушыны іздеп те жүрген жоқ, тапқан да жоқ. Бұлар бақытсыз әрі ақымақ адамдар.

Ілмектер: адам, бақыт Блез Паскаль

Оқып шыққаннан кейін оны өзім де жаза аламын деген ойға салатын кітаптар ең жақсылары болып табылады.

Ілмектер: ой, кітап Блез Паскаль

Кеше мен бүгін - біздің амалдарымыз; болашақ - біздің мақсатымыз.

Ілмектер: болашақ, мақсат, амал Блез Паскаль

Қарап көріңіз