Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (1) Өлеңдер (4) Мақал-мәтелдер (5) Ұлағатты сөздер (7)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"игілік" тақырыбына байланысты Ұлағатты сөздер

"игілік" тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "игілік" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Тек батыл, өзіне өзі сенген, бүкіл дүниені өз үйіндей сезінетін адамдар ғана өмірлік игіліктерін де, қиындықтарын да өз пайдасына асыра алады. Олар қиындықтардың аз кездеспейтінін жақсы біледі, олар сонымен бірге оларды өздері жеңіп шыға алатындықтарын да біледі.

Ілмектер: батылдық, өмір, игілік, қиындық, жеңіс Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Адамдардың бiрi игiлiктi — билiктен, екiншiлерi — бiлiмге құмарлықтан, ғылымнан, үшiншiлерi — рахаттан iздейдi.

Ілмектер: Блез Паскаль, игілік, билік, білім, құмарлық, рахат, ғылым, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Блез Паскаль
WhatsApp Telegram

Жеке игiлiк туралы ойлау табиғи нәрсе және мұны назардан тыс қалдыруға болмайды. Ал егер тек осы туралы ойлап, қоғам игiлiгi елеусiз қалатын болса, өмiр ұсақ-түйек, ұят нәрсеге, тiкесiн айтсақ, пасықтыққа айналады.

Ілмектер: пасық, игілік, ой, ойлау, қоғам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа Рабле
WhatsApp Telegram

Бақыттың мәні — парасаттылықта, әркімнің өз алдында игілікті мақсат қоя білуінде... адамның өз мінез-құлқын , іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағаттап отыруында.

Ілмектер: бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, парасат, мақсат, мінез, мінез-құлық, игілік Әл – Фараби
WhatsApp Telegram

Ізгілік пен игілік жоқ жерде әсемдік те жоқ.

Ілмектер: ізгілік, игілік, әсемдік, нақыл, афоризм Сократ
WhatsApp Telegram

Ғылым үшін тіл мен жазу - қаймағы алынбаған мәдени игілік.

Ілмектер: игілік, ғылым, тіл, жазу, афоризм, нақыл Олжас Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Түзу қисықпен жараспас,
Ез игіге қараспас.

Ілмектер: жақсы, жаман, игілік Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram