Өлең, жыр, ақындар

Олжас Сүлейменов

Олжас Омарұлы Сүлейменов (1936) — орыс тілді қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару-жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы, Төтенше және Өкілетті Елші. Қазақстанның Еңбек Ері (18.05.2016 ж.)


Өлеңдері Нақыл сөздері

Батылдыққа рұхсат берiлген бүгiнде, ол қауiпсiз әрi тиiмдi болған кезде, табиғатынан күрескер адамдар төбелесқорлардың тобырында өздерiн ыңғайсыз сезiнедi. Шындық әрқашан тек ақиқаттың бiр бөлiгi ғана. Әркiм шындықты өзiнше кескiлеген қазiргi кезде ақиқатты iздеу ерекше маңызды. Тұтас, бүлiнбеген ақиқат қана таным өзегi бола алады.

Ілмектер: батылдық, шындық, ақиқат, таным, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Олжас Сүлейменов

Ата-бабаларымыздың сана-сезімдерінің қалтарыстары аз болмаған.

Ілмектер: сана, сезім, нақыл, афоризм Олжас Сүлейменов

Неге поэзия – тек сезімнің, ал ғылым – тек зерделіліктің көрінісі болуға тиіс? Ақылсыз адам шығарған өлең жолдары нақылға айналмайтыны хақ.

Ілмектер: поэзия, сезім, ғылым, ақыл, өлең, нақыл, зерде Олжас Сүлейменов

Түркі сөздерін қабылдауға әдетте орыс тілі бейім келеді. Дәл орыс тіліндегідей ешбір басқа тілде түркизмдер өз қалпында сақталмайды. Тіл мамандары моңғол тіліне енген түркизмдер адам танымастай болып өзгеріп кететінін айтады.

Ілмектер: тіл, түркизм, орыс тілі, моңғол тілі Олжас Сүлейменов

Пайда қуу – ойын шарты. Мүдделі болмасаң, ойынға да кірмейді.

Ілмектер: пайда, шарт, нақыл, ойын, афоризм Олжас Сүлейменов

Жазба деректерге көзсіз сену – тарихнаманың ғылымнан айырмашылығы осында жатыр.

Ілмектер: тарих, ғылым, нақыл, афоризм Олжас Сүлейменов

Тіл – жазба жәдігерлерде таңбаланбаған әлем жылнамасын сақтаушы құрал.

Ілмектер: тіл, нақыл, афоризм Олжас Сүлейменов

Мәжіліс үстінде қызық ойлар келеді. Өзіңді симфониялық музыка тыңдағандай сезінесің.

Ілмектер: мәжіліс, музыка, нақыл, афоризм Олжас Сүлейменов

Шындықтың наданның табанының астында шырылдап жатқанын көргенде, немкетті сезімнің де дәті шыдамайды екен.

Ілмектер: шындық, надан, нақыл, афоризм Олжас Сүлейменов

Түркілік қоғамда әйелдерге кең құқықтар берілген, олар мемлекеттік істерге белсене араласқан. Тақтың мұрагерін ана тәрбиелеген.

Ілмектер: мұрагер, әйел, қоғам, құқық, нақыл, афоризм Олжас Сүлейменов

Шынайы ғылымда атақ пен дәреже дәлелге жүре алмайды. Ал қателік пен надандық кейде қол ұстасып кетуі мүмкін.

Ілмектер: ғылым, надандық, нақыл, афоризм Олжас Сүлейменов

Ғылым үшін тіл мен жазу - қаймағы алынбаған мәдени игілік.

Ілмектер: игілік, ғылым, тіл, жазу, афоризм, нақыл Олжас Сүлейменов

Ақиқатты себеп-салдар жолымен түсіндіру - Лейбництің ойлап тапқан амалы. Соған орай тәжірибеден салдарды иланымды деңгейге жеткізуге қажет себеп теріліп алынады.

Ілмектер: ақиқат, себеп Олжас Сүлейменов

Нақты ғылымдардың ұдайы жасарып-жаңғырып тұруының құпиясы - олардың қашанда ой жаңартуға әзір тұратындығында жатса керек.

Ілмектер: ғылым, білім, нақыл Олжас Сүлейменов

Әдетте таңба атаудан бұрын шығады.

Ілмектер: таңба, аудан Олжас Сүлейменов

Этностар бір-бірін жеке тұлғалардың тоғысуы арқылы таниды.

Ілмектер: этнос Олжас Сүлейменов

Әдеби шығарманың мазмұны қоғамдық санадан нәр алып, тіл арқылы жүзеге асады.

Ілмектер: әдебиет, шығарма, тіл Олжас Сүлейменов

Өткен ғасырдың өзінде түрік тілінің сөздік құрамының үштен екісі парсы сөздерінен тұрады.

Ілмектер: парсы тілі, түрік тілі, сөз Олжас Сүлейменов

Құсбегілік – аңшылықтың ең көне түрі.

Ілмектер: Құсбегілік, аңшылық Олжас Сүлейменов

Адамға табын, жер, енді!

Ілмектер: адам, жер Олжас Сүлейменов

Қарап көріңіз